Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
23 қараша 2015 ж.
Пресс-релиз: Қостанай қаласындағы мүгедек балалардың аналарының «Радуга» қоғамдық қоры «Әрқашан жанынан табылатындар үшін» атты жоба аясында қоғамдық тыңдаулар өткізеді
«Әрқашан жанынан табылатындар үшін» жобасы USAID пен «Орталық Азияның Еуразия қоры» ұсынған«Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдау көрсету негізінде жүзеге асуда, аталмыш жобаның серіктестері «Астана қаласының мүгедек балалары» ҚҚ мен Петропавл қаласындағы «Солтүстік – айрықша мұқтаждығы бар балалардың бейімделуі» ҚҚ.
Қатысушылары: жұмыс тобының мүшелері, қамқоршылар, серіктестестік ҮЕҰ, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүшелері.
Мақсаты: «Әрқашан жанынан табылатындар үшін» жобасының кешендік орындалған іс-шаралары туралы жаппай хабардар ету:
- Қостанай, Петропавл және Астана қалаларында жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі
- Құқықтық сараптама нәтижесі
- Мүгедек балалардың қамқоршыларының өмірі туралы түсірілген видеороликті көрсету
- Мүгедек балалардың қамқоршыларының мәртебесін айқындауға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылау
- ҚР заңнамасына ұсыныстарды жинақтау үшін, мүгедек балалардың қамқоршыларының мәртебесін айқындауды жақтаушыларды тарту
Мүгедектің жанында әркезде оның қамқоршысы болады: ол жақыны, әдетте ол – оның анасы, шамамен 40 жас шамасында, жұмыссыз, денсаулығы нашарлаған әйел, өйткені мүгедек баланы бағып-қағу, қамқоршылар үшін, яғни аналар үшін өте қиын, міне осындай аналар әлеуметтік тұрғыдан еш қорғалмаған, олар әдетте 63 жасында, ешбір қызмет стажы болмағандықтан, зейнетақы қорында жинағы болмағандықтан минималды зейнетақы көрсеткішімен зейнеткерлікке әрең жетеді.
Көбінесе, баласы мүгедек болып туылған аналар, оны интернатқа бермей өзі қарауға бел буады, берем деп шешкен күнде де онда орын болмай қалуы да әбден мүмкін.
Міне осындай батыр аналарға мемлекет пен қоғам, қалай көмектесе алады? Өткізгелі отырған қоғамдық тыңдауымыз, осы тақырыпта болмақ.
Өткізілетін күні мен уақыты: 2015 жылдың 27 қарашасы, сағат 11:00 – 13:30, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 33 үй (1 қабар, пресс-зал)