Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
1 маусым 2016 ж.
Пресс-релиз: ҮЕҰ жетекшілері бизнес-жоспар құрастырады
Алматы, Қазақстан - 6-10 маусымда Алматыда ҮЕҰ көшбасшылары – Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің қатысушыларына арналған екінші тренингтер топтамасы өтеді.
Оқытудың алғашқы үш күнінде қатысушылар бизнес-жоспар құрастыруды үйренетін болады. 20 жылдан астам тренерлік тәжірибесі бар Ғалым Жұқыпбаев бизнес-жоспар құрудың негіздері мен бастапқы қадамдарын үйретеді. Тренингтің соңында ҮЕҰ жетекшілері өз жобаларының бизнес-жоспарларын құруға мүмкіндік алады, сонымен қатар өз үйлестірушілерімен жеке кеңесе отырып, маркетингтік, өндірістік және қаржы жоспарларын дайындайды. Қорытынды күні мектептің қатысушылары Алматы қ. Әлеуметтік кәсіпорнына баруға мүмкіндік алады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің қатысушылары ҮЕҰ Сараптама Орталығының аясында ALMAU-да 4-6 мамыр аралығында бағдарлы кездесуге жиналған болатын. Бағдарлы кездесу барысында олар әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымын және бизнес-идеялар мен ресурстарды іздеудің қандай әдістері бар екендігін білді, Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқу бағдарламасымен танысты, сонымен қатар жеке бизнес-жобаларын дайындауға кірісіп, үйлеріне үй тапсырмаларымен оралды. Қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама тренингтің нәтижелі болғанын көрсетті.
«Тренинг өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алғашқы сабақта-ақ менің әлеуметтік кәсіпкерлік туралы білгенімнің көптігі соншалық, бұрын сол ақпаратсыз қалай жұмыс істегенімді түсінбеймін. Менің бизнеспен айналысқаныма көп уақыт болды, алайда, тренингтен соң бизнес туралы ештеңе де білмейтіндігімді түсіндім», - деп Талдықорған қаласының «Мейірім» ҮЕҰ жетекшісі Гульвира Таубалдинова өз пікірін білдірді.
Мектепке қатысушылар – Алматы, Алматы облысы және ОҚО ҮЕҰ-ның 15 жетекшісі, олар қатаң іріктеу мен сұхбаттан өтті. Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіне қатысуға арналған байқау 2016 жылдың 4 және 20 сәуірі аралығында жүргізілді. Мектепте оқыту 9 айға есептелген.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі Орталық Азияның Еуразия Қорымен Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «ҮЕҰ Сараптама Орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасының аясында құрылды. Мектеп әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуды және ҮЕҰ-дың әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті әлеуетін арттыруды мақсат етеді.
Тренингтер қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Әрбір мектеп қатысушысына жеке үйлестіруші бекітіледі, ол стратегиялық және бизнес-жоспарды жазуда, сонымен қатар ұйымның әлеуетін арттыру мен әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті барлық мәселелер бойынша кеңес берумен айналысады.
«ҮЕҰ Сараптама орталығының орнықтылығы жөніндегі бастама» жобасы орталықтың қаржылай тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ оқуға қажетті әлеуеті мен талпынысы бар ҮЕҰ-лар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Қосымша ақпарат алу үшін ҮЕҰ Сараптама орталығының директоры Бахытнұр Отарбаеваға тел: (727) 3022302, bakhytnur@mail.ru бойынша және ОАЕҚ Жоба жөніндегі ассистенті Жазира Жүнісоваға тел: (727) 250-18-10, ішкі 134, zhazira@ef-ca.org хабарласыңыз