Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

1 ақпан 2016 ж.

Пресс-Анонс: Менталды ауытқуы бар адамдарды социумға интеграциялаудың инновациялық әдісінің көрінісі

Алматы, 4 ақпан 2016 жыл – «Психоаналитикалық ассоциация» қоғамдық бірлестігі КФ «Орталық Азияның Еуразиялық фонды» және «Сегрегациядан әлеуметтік инклюзияға!» жобасы  негізінде  халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен « Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасының шегінде «Тренинг кафе -  менталды денсаулығы бұзылған адамдар үшін әлеуметтік кәсіпорын » тақырыбында пресс-коференция өткізеді. Әлеуметтік кафелердің құрылуымен еңбекпен қамту саласындағы жағдайларды жақсарту бойыша ұсыныстар айтылады. Жоба мақсаты: Менталды денсаулығы бұзылған адамдар үшін әлеуметтік кәсіпорын аналогы болатын кафелерді ашудың қадамдық әдісін қалыптастыру. Осының негізінде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпорындарды қалыптастыруды ынталандыру. Мүгедектердің құқығы туралы Конвециясын жүзеге асыру механизмін жақсарту үшін, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандарттарына және ҚР Еңбек кодексіне толықтырулар енгізу бойыша ұсыныстар пакеті жасалынады. Пресс – конференцияға уәкілетті мекемелердің өкілдері, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар қатысады.

«Психоаналитикалық ассоциация» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында 2015 жылдан бастап менталды денсаулығы бұзылған адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған  “Тренинг Кафе” әлеуметтік кәсіпорын моделін жүзеге асыруда. “Тренинг Кафе” Қазақстан және ТМД елдері үшін жаңалық болып саналады (Түркия мен Чехияда аналогтары бар). Кафедегі жұмыс ерекше қажеттіліктерге мұқтаж жұмыскерлер үшін кәсіби дайындыққа, жұмыс орнына ие болуға және күнделікті қоғаммен табиғи ортада байланыста болуға мүмкіндік береді. 

Поделиться страницей: