Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

7 желтоқсан 2017 ж.

Павлодарлық мекеме басшылары ғимараттардың инклюзивті дизайны мен бейімделуі туралы білді

'"TANDAU Foundation" Қоғамдық қоры Павлодарда "Инклюзивті дизайн: жобалау, құрылыс, бейімдеу" атты 12 тренинг өткізді. Іс-шаралар USAID-тің "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасының аясында, қараша айы бойы өткізілді.

Тренингтерге аудан әкімдерінің мүгедектігі бар адамдар жөніндегі кеңесшілері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары; Жастар бастамаларын дамыту орталығының сарапшылары; мәдениет мекемелерінің басшылары; Ақсу және Екібастұз қалалары мектептерінің өкілдері; колледж, мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары; денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, архитектура және қала құрылысы мекемелерінің басшылары; ТШҚ қызметкерлері, объектілердің мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділігін тексеруді қоғамдық бақылаудың аймақтық және территориялық топтарының өкілдері, Еуразиялық Инновациялық Уиверситетінің студенттері қатысты.

Тренингтердің бағдарламасы мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың мобилділігі төмен топтары үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сараптама жасаудан, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің фунционалды аймақтарының негізгі нормативтік өлшемдерін зерттеуден тұрды.

"Ең алдымен көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп жатқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Мен өзім үшін өте көп пайдалы ақпарат алдым", - спорт мекемелері үшін инклюзивті дизайн жөніндегі тренингке қатысушының пікірі осындай.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріінің бірінің басшысының сөзіне сенсек, "тренингтен соң ол құрылыс нормалары мен ережелерін меңгеруге дайын және арнайы құрал-жабдықтарды салу кезінде оларды стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндігінше тырысады".

"Тренинг керемет өтті. Барлық материал оңай әрі қызықты түрде жеткізілді, видеоматериал пайдаланылды. Тренингте алған дағдыларымызды іс жүзінде пайдаланатын боламыз", - дейді шараға қатысушылардың бірі.

Тренингтер циклынан соң 4 желтоқсанда Павлодар қаласының Достық үйінде қорытынды іс-шара - "Инклюзитві дизайн: мемлекеттік қызметтер, қалалық орта, стигматизацияны еңсеру" атты семинар өткізілді. Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жетекшісі Вениамин Алаев және ҚР Білім және ғылым министрінің мүгедектігі бар адамдардың білім алуы жөніндегі Кеңесшісі, USAID/ИПЭУ "Мемлекеттік қызметтер - барлығына қолжетімді" жобасының үйлестірушісі Захира Бегалиева сөз сөйледі. 

Поделиться страницей: