Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

24 тамыз 2017 ж.

Павлодардағы тренингте мүгедектігі бар адамдар эмоцияларын басқаруды үйренді

USAID/ТБҚБ "Қолжетімді Павлодар" жобасы 5 тамызда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының базасында "Эмоцияларды басқару" атты тренинг өткізді.

Тренингке мүгедектігі бар адамдар, олардың туыстары мен ҮЕҰ қатысты.

Тренер ретінде дәрігер Россинский атындағы психотерапия және психологиялық қолдау орталығының психологі Станислав Павленко шақырылды.

Тренингтің мақсаты: эмоционалдық бақылауды, өз сезім-күйін бақылауды, эмоционалдық ахуалын реттеуді, таразыланған шешімдер қабылдау мен қоршаған ортаны қуанышпен және оптимизммен қабылдауды үйрету.

"Тренингтің негізгі мақсаты - мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Психологиялық тренингтің жасанды және "қауіпсіз" жағдайында қалыптастырылған қабілеттер мен дағдылар қатысушылардың шынайы өмірдегі қиындықтарынан арылуға көмектеседі. Бұл мақсатта біз әр түрлі өмірлік жағдайларды бейнелейтін арнайы жаттығуларды пайдаландық. Алуан түрлі жаттығуларды орындау арқылы қатысушылар қажетті нәтижелерге жету үшін өз мінез-құлықтарын қалай өзгерту керектігіне көз жеткізе алды", - деп тренер-психолог Станислав Павленко өз ойымен бөлісті.

Тренинг барысында келесідей әдістер пайдаланылды: эмоциялардың функционалды міндетін анықтау, эмоционалдық реакцияны білдіру икемділігі, нақты жағдаяттарға қолайлы эмоционалдық рекацияларды таңдау мен машықтану.

Талқылау барысында эмоциялар - олар қандай, адамға жалпы не үшін қажет; эмоционалдық реакциялардың құрылымы мен тәжірибесі; негізгі эмоциялардың функционалдық сипаттамалары; эмоциялардың өзгеруі мен эмоция таңдау; эмоциялар мен мінез-құлық сынды мәселелер ортаға салынды. Тренинг интербелсенді форматта өткізілді.

"Мен психологияға қызығамын, психология бойынша кітаптарды зерттеймін. Дегенмен ілтипатты, тілектес және барлығын түсіндіруге даяр тренермен кездесу үйде жеке оқып алуға болатын теориялық материалды зерделеуге зор мүмкіндік береді. Біздің өміріміздегі әр түрлі жағдаяттарды талдау мен сараптауға бағытталған "жанды сессиялардың" бары қуантады. Алғашқы тренингтен өткен соң біз жағажайда серуендедік және кездескен түрлі жағдаяттарды мәселе немесе қиындық тұрғысынан талдауға тырыстық. Тренингте алынған білімді осылайша игеру өте қызықты болды! Тренингті ұйымдастырғандарыңызға алғыс білдіреміз, аптасына бір рет осылай жиналып тұрсақ игі еді", - дейді тренингке қатысушы Наташа Ненадова.

"Қолжетімді Павлодар" жобасы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен, Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының аясында жүзеге асырылып келеді. 

Поделиться страницей: