Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

8 қараша 2017 ж.

Павлодарда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау құралдарына арналған тренинг өтті

23 қазанда Павлодар облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында "Мемлекеттік органдарға арыз-шағым жасау арқылы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау құралдары" атты тренинг болып өтті.

Тренинг "Қолжетімді Павлодар" жобасының аясында өткізілді. Аталған жоба АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Орталық Азияның Еуразия Қорының "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.

Қатысушыларды екі топқа бөлудің нәтижесінде оқыту бір күнге созылды. Тренингке мүгедектігі бар адамдар мен олардың туыстары, сондай-ақ Павлодар қ. қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Тренингті Астана қаласы Құқықтық медиа-орталығының сарапшылары Диана Окремова мен Гүлмира Біржанова жүргізді.

Тренингте Павлодар қаласындағы қолжетімді ортаны жетілдіру және қала мен қаладағы объектілерде  кедергісіз қозғалу құқықтарын қорғау мақсатында мүгедектігі бар адамдардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға арналған авторлық оқыту бағдарламасы ұсынылды.

"Тренинг қажет болған жағдайда мемлекеттік органға қандай да бір өтініш-арызды дұрыс рәсімдеуге көмектеседі. Енді мен оны қалай жасауды білемін. Өте көп пайдалы ақпарат алдым. Мен "Қолжетімді Павлодар" сайтына жиі кіріп тұруға шақырамын", - дейді тренингке қатысушы Салтанат Абдалинова.

Тренингтің екінші бір қатысушысы Алена Стецкаяның айтуынша, тренингте көптеген сұрақтарына жауап тапқан. "Бұл тренинг мен үшін өте пайдалы. Қиын жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білдім. Біздің қоғам үшін, мүгедектер арбасына таңылғандарға, мүгедектігі бар адамдарға мұндай шаралар өткізіп т ұру аса маңызды", - деп А.Стецкая ойын қорытындылады.

Оқыту бағдарламасына келесі тақырыптар енді: азаматтың шағым жасауға құқығы, "Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы" ҚР заңы, әртүрлі электронды құралдар мысалында шағымдарды адресатқа жеткізу тәсілдері, шағымның мазмұны (құрылымы, мәні, айғақтар базасы және т.б.), "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" ҚР заңы және басқалары. Тренинг нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.

"Біз меморганның біз үшін және біздің орнымызға әрекет етуге тиісті инстанция емес екендігін түсінуіміз қажет. Өзіміз болып өзгерістерге бастау болмасақ, өмірде ештеңе де орнынан қозғалмайды", - дейді тренер Диана Окремова.

Гүлмира Біржанова қатысушылардың жоғарғы белсенділігін атап өтті. "Менің ойымша, мұндай тренингтерді өткізу мүгедектігі бар адамдар үшін аса маңызды. Бұл адамдардың шағымдану құралдарын, ақпаратқа қолжетімділік құралдарын пайдалануына жақсы мүмкіндік. Қатысушылар өте белсенді, көпшілігі өз құқықтары жайлы хабардар, алайда өтініштер мен арыздар механизмін соңына дейін жеткізу үшін қажетті құралдарды тиімді пайдалан бермейді. Мүгедектігі бар адамдарға қатысты жағдай жақсарса екен деген тілегім бар", - деп Г.Біржанова сөзін тәмамдады.

"Семинар өте жақсы. Мұндай семинарлардың бізде, Павлодарда жиі ұйымдастырылуын қалаймын", - деп қорытындылады семинар қатысушысы Надежда Вытнова.   

Шараға қатыса алмағандар үшін "Қолжетімді Павлодар сайтында тренингтің жазбасы жарияланады. 

Поделиться страницей: