Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

15 мамыр 2020 ж.

Пандемия кезеңіндегі халықты қолдау шаралары: «Щедрое сердце» жобасы және 100 азық-түлік қорабы

Нұр-Султан, 15 мамыр 2020 ж. - “Щедрое сердце” - «Qolda» жобасы аясында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясының бірлестігімен Нұр-Сұлтан қаласында күнкөрісі төмен отбасыларға 100 азық-түлік қорабын таратты.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры медицина және білім беру саласында өзін таныта алды және осы бағыттар қор жұмысында басым болды. Қазіргі таңда ұйымның бағыты кеңейді. Мамыр айында қор Нұр-Сұлтан қаласындағы күнкөрісі төмен отбасыларға көмек көрсету үшін «Qolda»  жобасының шеңберінде

қаржы алды. Азық-түлік қораптың ішіне кілегей, айран, сары май, шұжық, ірімшік, жеміс-жидек, көкөніс, шәй, жұмыртқа, жарма, балық және ет өнімдері, қант, жуғыш заттар және гигиена заттары кірді.

Қазіргі таңда «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық 100 қорапты елордалық әкімдікте берілген тізімге сәйкес жеткізді. Жоба үйлестірушісі әрбір мекенжайды егжей-тегжейлі тексерді. Жұмыссыз және тіршілікке қаражатсыз қалған аналармен телефонмен сөйлесті.

Тізімге кірген бірнеше отбасы көмектен бас тартты. Олардың қораптары басқа мұқтаж жандарға таратылды.

Көмек алған адамдардың пікірлері:

Сәуле Есмағамбетова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Арқалықтан көшіп келген:

«Менің отбасымда 5 адам бар: мен, менің анам, ота жасалған әпкем және екі балам. Барлығының денсаулығы жоқ. Карантинге дейін жұмыс істедім, Қазір уақытша жұмыссызбын. Әрине, індеттің таралуына қатты уайымдаймын. Бізге берілген көмекке өте ризамын. Бүкіл азық-түлік дәмді және үлкен көлемде екен! Бұрын мұндай көмек алып көрмеп едік. Сіздерге үлкен рақмет айтамын!».

Динара Омарқызы Қожабаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны,36 жаста, жетім өскен. Осы жеңілдік санаты бойынша пәтер алуға кезекте тұр. Динара қазіргі уақытта азық-түлік қоржыны түріндегі көмек – өте жақсы жәрдем деп санайды:

«Менің отбасымда 4 адам бар: күйеуім екеуміз және 2 ерекше баламыз. Үлкен қызым 7 жаста, ал кіші қызым 2 жаста. Коронавирус індеті кезеңінде, бәлкім, көбінесе балаларымыз бен жақындарымыздың денсаулығына және елдің тұрақтылығына уайымдайтын шығармыз. Барлығы қымбаттап жатыр, көп нәрседен бас тартуға мәжбүрміз. Біз «АЯЛА» қорынан азық-түлік қоржынын алдық, оған балаларымыз қатты қуанды. Мұнда сүт өнімдерінің түр-түрі, жеміс-жидектер, көкөністе, балаларға қажеттінің бәрі бар екен. Консервілер, жармалар бар, тіпті химияны да салуды ұмытпапты. Көрсетілген көмек үшін үлкен алғысымызды білдіріп, барлығыңызға денсаулық, сәттілік тілегіміз келеді. Мұндай мейірбан адамдардың болған қандай керемет, демек бәрі жақсы болады!».

Индира Викторовна Ельмуратова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны,үш баласын жалғыз тәрбиелеп отыр:

«Менің 5 жастағы үлкен ұлымның онкологиясы бар, қазір оның ауруы қайта қайталанып отыр. Ұлымның ауруы жұмыс істеуіме мүмкіндік бермейді. Қазір көбінесе, әрине, осы ұлымды және басқа екі баламды уайымдаймын: кіші ұлым 2,5 жаста, ал қызыма 6 ай ғана болды. Қазір олар Қостанай облысында менің әжеммен бірге тұрып жатыр. Өзімнің ата-анам жоқ, сондықтан сол кісіге апарып тастадым. Үлкен ұлыма қазір нәрлі тамақ өте қажет. Жәрдемақы түрінде алатын бүкіл қаражатымды оны емдеуге, шетелде оңалтуға жұмсаймын. Мен тіпті шот ашып, шетелге емделуге бару үшін қаражат жинап жүрмін. Сондықтан бүл көмектеріңізге үлкен рахмет! Жақсылық бар және басқаға жасаған жақсылығың өзіңе еселеп қайтады. Бар болғандарыңызға рахмет!».

Айта кететін жайт, 100 азық-түлік қорабын тарату Еуразия Орталық Азия Қоры«Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба карантиннің елге жағымсыз ықпалын азайту, қоғамдық және еріктілер ұйымдарына қолдау көрсету үшін, сондай-ақ халықтың БАҚ арқылы хабардарлығын арттыру үшін «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып жасалды.

«Біздің конкурсқа ҮЕҰ-дан берілген өтінімдердің сапасы өте жоғары болды. Грант комитеті 11 жоба үшін 24 млн теңге бөлді. Олар медицина жұмыскерлеріне қолдау көрсету бастамаларына, халықтың осал топтары мен мигранттарға гуманитарлық көмек көрсетуге, азаматтық қоғамды пандемия салдарларымен күреске қауіпсіз тартуға, жұмыс орындарын құруға бағытталды. «Жүрек жомарттығы» жобасын іске асыру кезіндегі «АЯЛА» қорының кәсіби деңгейін атап өткіміз келеді. Бұл қордың қызметкерлерінің жауаптылығының және айрықша ынтасының арқасында көмектің шынайы мұқтаж адамдарға  жеткеніне қуаныштымыз» - деді Қазақстандағы ОАЕҚ атқарушы директорыРинад Темирбеков.

__________________________________________________________________________

ОАЕҚ - Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

Корпорация «Шеврон» Бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны - Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционері.

Поделиться страницей: