Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

17 қараша 2017 ж.

ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ!

ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен «Бірге өсеміз!» мектепге дейінгі білім беру саласындағы әлеуметтік жобасының аясында Маңғыстау облысының балабақшалар тәрбиешілеріне заманауи білім беру әдістері бойынша кезекті тренингтер өткізілді.  

2017 жылдың 30 қазан - 3 қараша аралығында Құрық ауылында жергілікті сарапшылармен Степ бай Степ технологиясы мен Монтессори әдісі бойынша  облыстық тренингтер өткізілді. Тренингтер 30% теориядан тұрды, және 70% тәжірибелік жаттығулармен бекітілді.

«Step by Step» бойынша тренингке облыстың 13 балабақшасынан 27 адам қатысты. Қатысушылар бес күн ішінде технология негіздерін, мектепке дейнгі білім беру ерекшеліктерін, әр сабақтық және жылдық жоспар құруға, ата-аналармен жұмыс жасауға, балаларды уәджемелеуді және прогресстерін бағалауды үйренді, сонымен қатар балалар мен ата-аналармен жұмысындағы қолдануға болатын жаттығулармен танысты. Құрық а. балабақшаларының (Құлыншақ, Айгөлек, Болашақ, Облыстық санаторлық мектеп-интернатындағы шағын-орталық) 6 Степ бай Степ педагогтары тренерлер болып қатысты.

«Мен осындай тренингке бірінші рет қатысып тұрмын. «Степ бай Степ» технологиясы маған қатты ұнады. Балаларды шағын орталықтарға бөліп оқытқан, өте тиімді деп ойлаймын. Бұл әр баланың потенциалын ашуға көмектеседі. Өзімнің ауылымда бұл тезнологияны жұмысымда келешекте қолданамын. Осындай тренингтердің көп болғанын қалаймын», -  дейді тренингке қатысушы Алтын Жорасова.

 “Step by Step” технологиясы мектепке дейінгі мен бастауыш мектеп білім беруде және тәрбиелеуде қолданылады, әлемдік педагогиканың ең жақсы тәсілдерінен тұрады. Технология педагогтың жұмысындағы демократиялық және гуманистік принциптер енгізуге тиімді жолдар ұсынады, ұлттық бағдарламаны жаңа тәсілдермен толықтырады, заман талаптарына сай келеді, баланың жеке дамуын қамтамасыз етеді және білім беру процессіне отбасы мүшелерін жұмылдырады. 

Сонымен бірге Құрық ауылында «Montessori» жалғастырушы топқа облыстық тренинг өтті. Сенсорика» және «Тәжірибеләк өмір» аймақтарын оқығаннан кейін, топ «Тіл» және «Ғарыш» аймақтарын зерттеуге кірісті. Бірінші компоненттің аясында облыстық тренингтің 18 қатысушысы «Тіл» аймағының ерекшеліктерін үйреніп, балалардың сөздік қорын дамыту әдістерін, Монтессори материалдарын қолданып балаларды жазуға және оқуға үйрету жолдарын білді. Құрық а. балабақшаларының (Құлыншақ, Айгөлек, Жаншуақ, Облыстық санаторлық мектеп-интернатындағы шағын-орталық) Монтессори педагогтары тренерлер болып қатысты.  

 Мен «Монтессори» әдісі бойынша екінші рет тренингке қатысып тұрмын. Осы жолы «тіл» және «ғарыш» аймақтарын зерттедік. Осы тренингте көптеген пайдалы ақпарат алдым, балалардың сөздік қорын толықтыру жолдарын, қоршаған әлем туралы білімді балаға қалай жеткізу керек екендігін білдім. Аймақтардың екеуі де өте қызықты екен. Алған білімімізді Монтессори кабинетінде ғана емес, дәстүрлі сабақтарда да қолдануға үйрендік», - дейді тренинг қатысушысы, Әлия Зершал.

Бүгінгі күнде «Монтессори» әдісі баланың дамуы бойынша әлемдегі ең жақсы әдістердің бірі. Тренингтер монтессори-материалдарын толық зерттеуге бағытталған. Балалар елестете алалмайтын заттарды, есте сақтай алмайды, ал монтессори-материалдар сезу қабілетерін дамытуға көмектеседі. Монтессори жүйесін қолданған бала жан-жақты білімді, өзінің ана тіліндей жеңіл меңгере алады.

2013 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бірге өсеміз!»  әлеуметтік бастамасының бас мақсаты Құрық а. мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.  Жобаның бас міндеттері: балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жергілікті сарапшылар арқылы Маңғыстау облысында білімді тарату. Құрық ауылының 7 балабақшасының базасында 5 «Монтессори» кабинеттері және 9 «Степ бай Степ» топтары ашылған болатын.

Поделиться страницей: