Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

30 қаңтар 2016 ж.

Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ жергілікті қауымдастықтарында эдвокаси шағын жобаларын жүзеге асыруға кірісті

АЛМАТЫ – 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен жүзеге асатын «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту»бағдарламасы шеңберіндегі жобалық өтінімдер байқауының жеңімпаздары өздерінің жергілікті қауымдастықтарында эдвокаси шағын жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Байқау Оңтүстік Қазақстанның 4 облысында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл) жұмыс атқаратын және адам құқығы бойынша тақырыптық тренингтер мен эдвокаси бойынша семинарға қатысқан 23 ҮЕҰ арасында өтті. Сараптама комиссиясымен таңдалған әрбір 17 шағын жобаны жүзеге асыру үшін 3846 еуро көлемінде қаржы бөлінді. Жобалардың жүзеге асырылу мерзімі – 12 ай. Эдвокаси-жобалар құқықтық қолдау мен қауымдастық мүшелері үшін ақпаратқа жетімділікті жақсартуға бағытталған және қауымдастықтағы эдвокаси үрдістері мен құралдарын қолдануды қарастырады.

Ұлыбритания Елшілігі Астана қаржылай қолдауымен, шағын жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында, ОАЕҚ 2016 жылдың 25 қаңтарында жобалық өтінімдер байқауының жеңімпаздары үшін бағдарламалық және қаржылық есептіліктің талаптарымен, мониторинг пен бағалаудың, байланыс пен қоғаммен байланыстың құралдарымен таныстыру мақсатында Алматы қаласында грант семинар өткізді. Грант-семинарға 18 жеңімпаз ҮЕҰ-дың жетекшілері мен есепшілері қатысты.

Шағын жобалардың күтілетін нәтижелері ретінде ҮЕҰ әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер мен балалар, әлжуаз топтағы жастар мен жетім балалардың жергілікті және отбасылық, денсаулық, білім беру, жұмыспен қамтылу, әлеуметтік қызметтерге қатысты заңды құқықтарына қолжетімділігін қолдау мақсатында  қызмет көрсететін болады. Қауымдастықтағы эдвокаси бойынша жобалар құқықтық/эдвокаси кеңес берулерге жергілікті сұранысты қанағаттандырады және Оңтүстік Қазақстандағы сот төрелігіне қол жеткізу мәселелері туралы жергілікті қауымдастық, мемлекеттік органдар, азаматтық сектор мен басқа да мүдделі тараптарды ақпартаттандыру үшін құнды ақпараттарды жинайды деп күтілуде.         

Шағын жобалардың жүзеге асырылуымен қатар, тәлімгерлік бағдарламасы жүзеге асырылады. ҮЕҰ-дың жұмыс істейтін мақсатты топтарына, қызметіне байланысты әрбір ҮЕҰ беделді құқық қорғаушылық ұйымдар қатарынан тәлімгер ұйыммен жұмыс істейді. 12 ай көлемінде тәлімгерлер өз қарамағындағы ұйымдарға кеңестер беріп, мақсатты топтармен жұмыс жасап, бенефициарлардың топтары негізінде «тәжірибе қауымдастығын» құруды қолдайды.     

««Алакөл-Қамқор» ұйымымен бірлескен «Өмірді бірге өзгертеміз» шағын жобасы шеңберінде, Алматы облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен серіктестікте, сарапшылардың көмегімен инватакси қызметін көрсету мен оның техникалық ерекшеліктерін ауылдық жерлерде өткізілетін байқауларға арналған бірыңғай талаптарды құрастырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша облыс деңгейінде тиісті өзгерістерді ендіру жоспарлануда», - деп Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қауымдастықтар қорының жетекшісі Бақытгүл Елшібаева атап өтті..

Поделиться страницей: