Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

5 ақпан 2016 ж.

Орталық Азияның Еуразия Қоры жаңа жобаның іске қосылуы туралы хабарлайды

Қазақстандағы Орталық Азияның Еуразия Қоры Нидерланды Королдігі Елшілігінің қолдауымен «ҮЕҰ тұрақтылығы бастамасы» жобасын іске қосады

Бүкіл әлемді қамтыған  қаржы және экономикалық дағдарыс қазақстандық ҮЕҰ-ның дамуына да өз әсерін тигізді. Қазақстандағы ҮЕҰ-ға көрсетілетін  халықаралық  донорлық қолдау көрсеткіші 2000-ж. өз шыңына жеткеннен соң айтарлықтай төмендеді. Көптеген ҮЕҰ-ның қызметі халықаралық донорлардың қолдауына тәуелді немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың есебінен күн көруде.

Ұйымдастырушылық және институционалдық дамудың әлсіздігі, жобаларды басқару бойынша білім мен қабілеттердің жоқтығы мен бағдарламалық қызметті дамытудағы тәжірибенің жеткіліксіздігі ҮЕҰ-ның тұрақсыздығына, ұзақмерзімді нәтижелердің болмауы мен бенефициарларға көрсетілетін қызметтің сапасыздығына  әкеліп соғады.

Жобаның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және институционалдық дамуды қолдауға, және Қазақстандағы құқықтық ҮЕҰ-ның бағдарламалық қызметін жетілдіруге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты:  ұзақмерзімді нәтижелерге жету  мен   бенефициарларға сапалы қызмет көрсету үшінұйымдастырушылық және институционалдық  дамуды жетілдіру арқылы құқықтық ҮЕҰ-ның тұрақтылық әлеуетін дамыту.

Жобаның мақсатты тобы: 18 ай мерзімінде жобаға қатысу үшін  байқау негізінде 20 ҮЕҰ-ны (кемінде 3 жыл қызмет өтілі бар) іріктеу көзделуде.

Оқыту мен менторлық қызметті құқықтық мәселелер жөніндегі жергілікті және халықаралық сарапшылар жүргізеді.

Жоба географиясы: Қазақстанның барлық аймақтары

Жоба бойынша барлық мәліметтер ҮЕҰ Сараптама орталығының сайтында жарияланады, www.ngoexpert.kz.

 

 

Поделиться страницей: