Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

8 ақпан 2022 ж.

Орталық Азияның Еуразия қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте "QOLDA" жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосқанын жариялайды

Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

"Qolda 4.0" байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.

Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:

  1. Экономикалық бағыттағы жобалар;
  2. Экологиялық бағыттағы жобалар;
  3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан). 

Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынан табуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады. 

Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронды мекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдарды жобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамыз https://t.me/Qolda_project 

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясы "Qolda" жедел көмек бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу. 

2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін "Qolda" Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларын қолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға ие отбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.

 

Поделиться страницей: