Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

27 мамыр күні Орал қаласында Қадыр Мырза Али атындағы мәдениет және өнер орталығында масштабты қалалық Orle Fest фестивалі өтеді. Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен аксессуарлар жәрмеңкесі, фермерлердің экологиялық таза көкөністер мен жидектер сатылымы, мастер-класстар, сыйлықтар мен ұтыс ойындары, концерт және де тағы басқа белсенділіктер күтуде. Фестиваль «Orle» қоғамдық қолдау жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры мен «Шелл Казахстан» серіктестігінде ұйымдастырылған. 

Шеберші әйелдер жәрмеңкеде киізден жасалған этностильді бұйымдар мен әшекейлерді ұсынып, балалар мен ересектерге арналған тегін мастер-класстар өткізеді. Осының арқасында келушілер бірегей өнімдерді сатып ала ғана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі қазақ қолөнер негізін - киіз басуды меңгере алады. 

Сондай-ақ, фестивальде фермерлер пәтер мен жер үйде балғын көкөністерді өсіру әдістерін іс жүзінде көрсетеді. Келген қонақтар жанды музыканы тамашалау үшін, мерекелік іс-шараның ойын-сауық бөлімі жергілікті топтың концертімен аяқталады. 

Қолөнершілер мен фермерлер жәрмеңкесі және мастер-класстардан бөлек бағдарламада қаланың дамуы туралы пікірталас пен мобилография саласын оқыту жоспарланған. Фестиваль Орал тұрғындарына тек қана дәстүрлі қолөнер кәсіптерімен танысу және жаңа дағдыларды игеру ғана емес, сонымен бірге көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік бере алады.   

Күні: 27 мамыр
Уақыты: 14:00 - 19:00
Өткізу жері: Қадыр Мырза Али атындағы мәдениет және өнер орталығы (Әбілқайыр Хан даңғылы, 183)


ОАЕҚ (Орталық Азияның Еуразия Қоры) – 2005 жылы Орталық Азияда азаматтық белсенділікті арттыру, жеке кәсіпкерлік, білім беру мен мемлекеттік басқаруды дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ туралы өбірек ақпаратты осы жерден таба аласыз http://ef-ca.kz/.

Шелл энергетикалық концерні Қазақстан Республикасының ірі шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. 2023 жылы «Шелл Қазақстан» елдегі 30 жылдық қызметін тойлайды. Компания Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда жауапты компания болуды мақсат етеді.

Негізгі өндірістік жобалардың тікелей инвестицияларынан басқа, Шелл Қазақстан маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға өз үлесін қосады. Осы мақсатта компания ерікті әлеуметтік инвестициялар портфелін жүзеге асырады.

Толығырақ ақпарат үшін: https://www.shell.com.kz/ru_kz.html 

Поделиться страницей: