Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

11 мамыр 2020 ж.

"Қоғамдық кеңістіктер" жобасының екінші кезеңі

Маңғыстау облысы, Түпқараған және Бейнеу аудандары жергілікті тұрғындарының қуанышына айналған «Қоғамдық кеңістіктер» жобасының екінші кезеңі бастау алды! Бұл жоба 2018 жылдың қыркүйегінде «Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративті қорымен, «Теңізшевройл» ЖШС-мен серіктестікте және қаржылық қолдауымен іске қосылды. 

Жоба географиясы: 

Форт-Шевченко, Баутино, Боранқұл елді мекендері және биылғы жылы жобамызға Қарақия ауданына қарасты Құрық елді-мекені қосылды. 


Жобаның негізгі мәні - жергілікті белсенділер мен тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлесіп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндіру.

Жоба жұмысының бірінші жылы нәтижесінде Форт-Шевченко, Баутино және Боранқұл елді мекендерінің белсенді тұрғындары, бастамашыл топтары мен еріктілері - 10 шағын жобаны сәтті жүзеге асырды. Осы бастамалардың іске асырылуына 350-ден астам жергілікті тұрғындар белсенділікпен қатысты және қазіргі уақытта 5 400-ден астам бенефициар бұл шағын жобалардың игіліктерін пайдалануда. Іске асырылған жобалардың тақырыптары әртүрлі: балаларға арналған ойын алаңдары, Жастар аллеясы, ерекше балаларға арналған сенсорлық кабинеттер, ана мен бала бөлмесі, спорт алаңдары және т.б.

Жобаның бірегейлігі - жергілікті тұрғындар өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсынды, бастамашыл топтар құрып, шағын жобаларды іске асыру арқылы, өз қауымдастықтарына қажетті қоғамдық нысандарды өз күштерімен салуға белсенді ат салысты!


 

Жобаның екінші кезеңі өз жұмысын 2019 жылдың қазан айында бастады және 2020 жылдың қазанында аяқталады.

Жобаны іске асыру жергілікті белсенділерді, бастамашы топтар мен жастарды оқытудан, жобаларды дұрыс жазу: нақты мақсаттар мен міндеттерді қалай белгілеу, жұмысты бөлу, бюджетті әзірлеу, тренингтен кейін жарияланған гранттар байқауына өз идеясын дұрыс ұсыну үшін жобаның мониторингтік жоспарын құруға үйретуден басталды. Байқау тақырыбы: "Жұмылсақ - жұдырықпыз!».

Биылғы жылы қатысушылар тарапынан байқауға 53 өтінім келіп түсіп, байқау шарттарына сәйкес 18 шағын жоба іріктеліп алынды. Қазіргі таңда барлық шағын жобалар өз жұмысын сәтті бастап кетті.


 Жобаны іске асыру кезеңінде қол жеткізген негізгі нәтижелер:

  • Жергілікті тұрғындар мен жергілікті билік өкілдерінің жоба жұмысына танытқан жоғары қызығушылығы және белсене ат салысуы;
  • Әлеуметтік жобаларға арналған бастамалардың көптігі, бірінші жылы конкурсқа 17 өтінім, екінші жылы 53 өтінім келіп түсті;
  • Өз елді-мекендерінің инфрақұрылымын жақсарту үшін жергілікті тұрғындарының өтеусіз қосқан үлесі;
  • Жергілікті әкімдіктердің жоба жұмысына белсенді ат салысуы және әкімдік тарапынан қосымша қаржылық қолдау танытылуы;

 Ең басты жетістік-қатысушылардың жобаның мәнін түсінуі, бастамашылық топтарға бірігуі, өзекті мәселелерді анықтап, оларды жоба қызметі шеңберінде бірлесіп шешуі. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар жобаға қатысу барысында жаңа дағдылар, білім алды, әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықтарын арттырды. Әрбір қатысушы өз қауымдастықтарын дамытудағы және ондағы өмір сүру сапасын жақсартудағы өз рөлін түсінді. 


Қосымша ақпараттар бойынша :

Жоба менеджері: 

Алма Шолпанқұлова, тел.: + 7 701 213 32 05, e-mail: alma@ef-ca.org

 

Жоба ассистенті: 

Сағындық Жадыра, тел. + 7 707 132 69 93, e-mail: sagyndyk@ef-ca.org

Поделиться страницей: