Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
4 желтоқсан 2019 ж.
"Қоғамдық кеңістіктер" шекарасын кеңейтуде
Орталық Азияның Еуразия Қоры «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын "Қоғамдық кеңістіктер" әлеуметтік жобасы бойынша Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында өз жұмысын бастады.
25-27 қарашада өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосқысы келетін Құрық ауылының белсенді азаматтары, жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелеріне "Қауымдастықты жұмылдыру" және "Жобаны дамыту және басқару" атты семинар-тренингі өткізілді.
Тәжірибелі тренер, мониторинг және бағалау маманы, қауымдастықтарды жұмылдыру бойынша үлкен тәжірибесі бар маман Әсел Иманғожина мақсатты аудиторияға жоба жазудың қыр-сырын үйретті.
Үш күнге созылған семинар-тренингке жалпы саны 60-тан астам адам қатысып, болашақ шағын жобаларға арналған идеяларын пысықтады.
3-30 желтоқсан аралығында жоба аясында «Жұмылсақ – жұдырық боламыз» атты шағын жобалар байқауы жарияланады. Байқау шарттарын толық орындаған әрі "Қоғамдық кеңістіктер" жобасының мақсатына сай келетін өтінімдер жеңімпаз деп танылып, қаржыландыруға ие болады.
Айта кетсек, «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы 2018-2019 жж. Маңғыстау облысының Форт-Шевченко, Баутин, Боранқұл елдімекендерінде сәтті іске қосылған болатын. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен жалпы құны 17 миллион теңгені құрайтын 10 шағын жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұл жобалардың нәтижесінде 233 адам өз білімдері мен біліктілігін арттырса, жалпы саны 5 мыңнан астам адам шағын жобалардың игіліктерін пайдалануда.
Қосымша сұрақтар бойынша: Жазира Жүнісова, +77751582428.