Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

1 маусым 2016 ж.

ОАЕҚ «Наша будущее» қорымен меморандумға қол қойды

Мәскеу, Ресей - 18 мамырда ОАЕҚ «Наше будущее» атты өңірлік әлеуметтік бағдарламалар қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі «Наше будущее» қорының Мәскеулік кеңсесінде қор директоры Наталья Зверева және ОАЕҚ атқарушы директоры Ринад Темирбековтың қатысуымен өтті.

«Біздің ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлер үшін тәлімгерлік, білім беру бағдарламалары сияқты салаларда ынтымақтастыққа жоспарлап отырмыз, біз тәжірибе алмасып, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыратын боламыз. Қормен ынтымақтастық ОАЕҚ үшін басым бағыт болып табылады, себебі біз әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын біздің қызмет пен стратегиялық дамудың басты векторлары ретінде көреміз. «Наше будущее» қоры – бүкіл Ресей бойынша әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын қолдайтын ең ірі ұйым. Ұйым әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың барлық кезеңдерін жүзеге асырады: көпшілікке таратудан бастап, оқыту, қаржыландырудан өнім маркетингіне көмекке дейін. Кешенді тәсілдеме мен қордың айнымастығы біз үшін үлгі болып табылады. Біз бұндай ынтымақтастыққа қуаныштымыз», - деп Ринад Темирбеков атап өтті.

Сонымен қатар, ОАЕҚ қызметкерлері 2016 жылдың 17 мамырында өткен «ИМПУЛЬС ДОБРА» марапаттау рәсіміне қатысты. Бұл «Наше будущее» өңірлік әлеуметтік бағдарламалар қорымен білгіленген Ресейдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы мен ілгерлеуіне қосқан үлесі үшін берілетін жыл сайынғы марапат. Марапат әлеуметтік кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік құрылым мен тиісті органдар басшылары, журналистер, БАҚ және Ресейдің жоғары оқу орындарына беріледі. Бес жылдың ішінде Марапат 17 аймақтан шыққан 58 лауреатқа табысталды.

«Әрине, үкіметтің, биліктің федералдық органдары және ірі бизнестің қатысуымен өткен ірі ауқымдағы іс-шара. Барлық деңгейде – бизнес пен әлеуметтік кәсіпкерлерден бастап, биліктің федералды органдары мен орталық әкімшілікке дейін, әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығының түсінігі мен үлкен қолдау сезіліп тұрды. Марапатқа дейін болған әлеуметтік кәсіпкерлердің жәрмеңкесі қызық болды, бізде Ресейдің барлық жерінен келген әлеуметтік кәсіпкерлермен танысуға мүмкіндік болды. Олардың кейбіреулері өз жұмысының тек қана әлеуметтік қана емес, сондай-ақ өз аймақтарының экономикалық дамуына ықпалы туралы нәтижелерімен бөлісті. Осы шара арқасында бізде өз елімізде осы бағытты дамуыға бағытталған жаңа идеялар мен энергия пайда болды», - деп ОАЕҚ дамыту мен зерттеу бөлімінің менеджері Индира Айтбай өз ойымен бөлісті.

Поделиться страницей: