Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

5 мамыр 2019 ж.

Нұр-Сұлтанда Еуропалық Одақ жобасы аясында ҮЕҰ және бастамашыл топтарға арналған тренинг өткізілді

НҰР-СҰЛТАН – 2019 жылдың 2-4 мамыры аралығында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Tandau» және «Ерекше Тандау-Шелек» Қорымен бірлесіп Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қаржылай қолдауымен «Қолжетімді Қазақстан» жобасы шеңберінде үш күндік тренинг өткізді.

Тренинг ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіруге, олардың қалаларында мониторинг жүргізу үшін деректер жинаудың қажетті құралдарын және практикалық әдістерін меңгеруге, сондай-ақ объектілердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша адвокациялық қызмет жүргізуді жетілдіруге бағытталған.

Тренингке Қазақстанның 14 облыстық орталықтарынан және республикалық маңызы бар 3 қаладан 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар қатысты. Тренинг тренерлері ретінде мониторинг және адвокациялық қызмет саласындағы сарапшылар, еріктілермен және әлеуметтік желілермен жұмыс жасайтын мамандар шақырылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында адам құқықтары тақырыбына арналған сессиялар өткізіліп, адвокаттық қызметтегі табысты кейстер таныстырылды.

Үш күн бойы қатысушылар нысандарға сапалы мониторинг және адвокациялық қызмет жүргізуге бағытталған: мүгедектігі бар адамдарға және басқа да қозғалысы шектеулі топтарға қолжетімді ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың сәулеттік қолжетімділігіне, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету негіздеріне, қолжетімді ортаны қамтамасыз ететін және қорғауға қатысты білімдер жиынтығын меңгерді. Тренинг барысында қатысушылар нысандардың қолжетімділік деңгейін анықтау үшін мониторингтің әдістемесі мен ерекшеліктерін талдады және практикалық тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

"Үш күн көлемінде біз әрі қарайғы жұмысымыздың нақты мақсатын айқындап қана қоймай, команда ретінде біріктік, себебі біз енді ортақ желінің мүшесіміз, біздің ісіміз ортақ және бір мәселені - қозғалыс еркіндігі құқығы мәселесін шешумен айналысамыз. Тренерлердің арқасында біз бірігіп ортақ шешім табу, тәжірибе алмасу әрі бір-бірімізге көмектесу үшін қалай әрекет ету керектігін түсіндік. Қазір менде және командамыздың әрбір мүшесінде жұмысына деген сенімділік пайда болды. Бұл көп ұзамай өз жемісін беретініне сенімдімін", - деп "Кең пейіл" мүгедектер қауымдастығы" ҚҚ-ның аймақтық жетекшісі Ілияс Фаткулин (Алматы қ.) атап өтті.

Жобаның Қостанай қаласындағы аймақтық жетекшісі Владимир Алексанин: "Осындай маңызды жобаның бір бөлшегі болуға, жаңа дағдылар мен пайдалы білім алуға, жаңа достар табуға мүмкіндік берген жоба донорлары мен ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін."

Поделиться страницей: