Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

4 желтоқсан 2019 ж.

Нұр-Сұлтанда АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының жобасы шеңберінде ҮЕҰ мен ынталы топтарға арналған тренинг өткізілді

НҰР-СҰЛТАН – 2019 жылдың 24-29 қарашасында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Tandau» ҚҚ және «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ бірлесе отырып, АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының демеушілігімен және қолдауымен жүзеге асырылатын «Мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарына арналған қолжетімділіктің интерактивті картасы» жобасының шеңберінде мониторинг пен адвокация бойынша тренинг өткізді.

Тренингке Қазақстанның 19 қаласынан келген 21 ҮЕҰ және ынталы топтардың мүшелері қатысты. Тренингтің мақсаты жобаға қатысушылардың техникалық мүмкіндіктерін жақсарту, өз қалаларында нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізу үшін деректер жинауға қажетті құралдар мен тәжірибелік әдістерге және алынған ақпаратты интерактивті картада көрсетуге үйрету болды. Жаттықтырушы ретінде мониторинг және бағалау саласының сарапшылары шақырылды.

Тренинг барысында қатысушылар нысандардың қолжетімділігін тексеру парақшасын толтыру, қозғалысы шектеулі азаматтарды қажеттіліктерін ескере отырып нысандарды бейімдеу бойынша ұсыныстар дайындау арқылы алынған білімдерін іс жүзінде пайдаланды. Тренинг бойынша жұмыстың екінші тармағы қолжетімділіктің интерактивті картасымен танысу және «Қолжетімді Қазақстан» сайтының қызметін талдауды қамтыды. Бұл қатысушыларға интерактивті картанын контентін толықтыруға, сонымен қатар қолжетімсіз нысандар жөнінде мемлекеттік органдарға шағымдану барысында көмектеседі.

«Қоғамдық нысанның қолжетімділігін қамтамасыз ету» курсын құрастырушы ретінде мен біздің тыңдаушылардың курс материалдарын зерттеу барысында қол жетізген нәтижелеріне баға бергім келеді. Материалдарды талқылау арқылы курсты өту барысында пайда болған барлық сұрақтарға жауап табылды, қайта зерттеуді қажет ететін тақырыптар анықталды. Осы сәттен бастап әрбір аймақта кедергісіз ортаны қалыптастыру жөнінде сертификатталған маман бар», - деп атап өтті Александра Бобкова, жобаның «Tandau» ҚҚ атынансеріктесі және сарапшысы.

«Тренинг барысында мен өзімді толғандырған сұрақтарға жауап алдым. Тәжірибелік тапсырмалар мониторинг жүргізудегі қателіктерді көруге мүмкіндік берді. Әсіресе нысандардың мониторингін жүргізуге септігін тигізетін кейстермен жұмыс жасалғанын ерекше атап өткім келеді», - дейді Ақжан Кәрім, жобаның аймақтық координаторы, «АРДОС-Жүрек» Мүгедектер бірлестігі» Заңды тұлғалар бірлестігі, Петропавл қ.

Поделиться страницей: