Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

17 маусым 2015 ж.

ҮЕҰ өз жұмысына еріктілерді тартатын болады

Талдықорған, Қазақстан 2015 жылдың 15 маусымында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары өкілдері үшін «ҮЕҰ секторындағы еріктілік қызметтің рөлі» атты тренинг өтті. Тренинг Қазақстандағы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асатын «ҮЕҰ саласындағы сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде, Almaty Management University (ALMA University) жанындағы ҮЕҰ Сараптама Орталығы мен  Орталық Азияның Еуразия қорының қолдауымен өткізілді.

Тренинг ҮЕҰ жұмысына еріктілерді тартудың тиімді жолдарын іздеу мақсатында өткізілді және үкіметтік емес сектор өкілдеріне бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар еріктілердің кім екенін және олармен қалай жұмыс істеуді, еріктілерді ҮЕҰ секторына тарту, оларды оқып үйрету мен талпындырудың жолдарымен танысты.

Қазіргі таңда еріктілік институты әлемнің көптеген елдерінде кең таралған және қоғам дамуының маңыздырақ әлеуметтік ресурсы болып табылуда. Еріктілер тек қана қосымша білім алып қана қоймай, әлеуметтік-маңызды іс-шараларға қатыса отырып, біліктілік, жұмыс тәжірибесін жинап, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың мақсатты топтарына тегін қызметтер көрсетеді.

«Еріктілермен жұмыс, талаптандыру, тарту тәсілдері, ұйым үшін еріктілерге қажеттілікті бағалау, еріктілермен сәтті сұхббат жүргізу туралы көптеген мәлімет алдық. Бізде еріктілік туралы түсінік өзгерді, бұл бізге аталмыш тақырыпты ары қарай өз аймағымызда жалғастыруға көмектесетін болады», - деп тренингтің қатысушысы Курмаев Ринад (Алакөл-Қамқор ҚБ төрағасы) атап өтті.

 «ҮЕҰ саласындағы сарапшылар әлеуетін дамыту бастамасы» атты ОАЕҚ жобасы халыққа тиімді қызмет көрсету үшін ҮЕҰ секторының жұмысын институционалды даму арқылы жетілдіруге бағытталған. ҮЕҰ сарапшылары әлеуетін жақсарту мақсатында, ҮЕҰ көшбасшылары мен тренерлеріне арналған тренингтердің сапасын жақсарту жобаның басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Поделиться страницей: