Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

11 наурыз 2015 ж.

Еуроодақтың жаңа жобасы Оңтүстік Қазақстанда адам құқықтары саласындағы реформаларды насихаттауға ықпал етеді

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» аттыжаңа жобаны іске қосты.

Жоба мақсаты адам құқықтарын тануға жәрдемдесу және әлжуаз топтар үшін қызметтерге қол жеткізуді жақсарту үшін Оңтүстік Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарының желісін нығайту болып табылады. Грант сомасы 294 975 евро. Жоба Оңтүстік Қазақстанның төрт аймағын қамтиды: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары. Жоба ұзақтығы 26 ай (наурыз 2015-сәуір 2017).

Жоба ОАЕҚ-ның 2011 жылы бастау алған, Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ адам құқығы саласындағы қолдауының жалғасы болып табылады және адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер, ҮЕҰ желісі мүшелерінің қауымдастығын насихаттауға бағытталған семинарлар ұйымдастырады. ҮЕҰ алған білімдерді тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында, жергілікті қауымдастықта эдвокаси қызмет науқанын жүргізу үшін, ОАЕҚ 12 ай көлемінде $ 5000 (EUR 3,846) мөлшерінде 17 үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Мақсатты бенефициарлар негізінде, әр ҮЕҰ қауымдастық шеңберінде және шағын эдвокаси жобаларды жүзеге асыру кезінде уақытылы кеңес берулермен қамтамасыз ететін және мақсатты топтармен жұмысты бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ бенефициарлар тобының негізінде «тәжірибелік қауымдастықты» құруда тәлімгерлік қолдауға ие болады.

Аталмыш жобаның болжамды нәтижелері ретінде әлжуаз топтарға өз жергілікті қауымдастығында тиімді көмек көрсету үшін ҮЕҰ желісі мүшелерінің әлеуетін өсіру, ҮЕҰ адам құқығын жүргізуді мемлекеттік қолдаудың өсуі, әлжуаз азаматтырдың құқықтарын қорғау үшін әлеуетін нығайту болып табылады. Жоба «Сана Сезім» ҮЕҰ және «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ-мен серіктестікте жүзеге асырылатын болады.

Поделиться страницей: