Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

2 наурыз 2018 ж.

Мүгедектіктің әлеуметтік үлгісі Павлодардағы тренингтің тақырыбына айналды

28 ақпанда Павлодар қаласында "Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын шынайы етеміз" атты тренинг өткізілді. Іс-шара USAIDтың "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасының аясында "Tandau" Қоғамдық қоры мен "Ерекше Таңдау-Шелек" Корпоративтік қоры жүзеге асырып жатқан жоба шеңберінде өткізілді.

Тренингке Павлодар облысы қалалары мен аудандары әкімдерінің мүгедектер ісі бойынша кеңесшілері, ҮЕҰ, әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік мекеме мамандары, мүгедектігі бар азаматтық белсенділер қатысты.

Тренерлер ретінде "Қолжетімді Павлодар" жобасының жетекшісі Александра Бобкова, мүгедектік мәселелері бойынша сарапшы Захира Бегалиева, азаматтарды қалалық бастамаларға тарту маманы Надежда Червякова мен архитектура және қала құрылысы саласының маманы Юлия Красильникова жиналған қауыммен өз тәжірибелерімен бөлісті.

"Тренер ретінде мен тренингтің бағдарламасы мен таныстырылған материалдармен ғана емес, қатысушылардың кері жауаптарына да толықтай қанағаттандым. Тыңдаушылардың белсенділігі, олардың мүгедектігі бар адамдарға ақпарат пен қызметтердің қолжетіміділігі мәселелерін шешуге қызығушылық танытқандары мені аса қуантты. Тренингке қатысушылардың саны (жоспарланған 15 адамның орнына тренингке 41 адам келді) мұндай оқыту курстарының маңыздылығын көрсетіп берді. Тұрғындардың қызығушылығы жоғары. Яғни мәселе шырқау шегіне жетіп тұр. Сонымен қатар оқыту курсына Қазақстанның өзге аймақтарынан да тіркелушілер бар, олар бізбен қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Келешекте біздің оқыту курстарымызға басқа да қатысушылар қосылады, ал вебинарлар оқытуды қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік береді деп жорамалдауымызға болады", - деп "Қолжетімді Павлодар" жобасының жетекшісі Александра Бобкова өз ойымен бөлісті.

Тренингте тренерлер ұжымы дайындаған және ақпараттың, мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі қағидаларына, сондай-ақ әлеуметтік үлгіге негізделген мүгедектіктің заманауи түсінігіне арналған оқыту бағдарламасы таныстырылды.

Тренингке қатысушылардың бірқатарының пікірін ұсынамыз: "Танымдылық пен жаңалыққа толы! Үлкен рахмет! Мұндай білімге ие болған соң, өз құқықтарымыз үшін күресуге де болады!"

"Керемет семинар, "мұғалім-оқушы" форматында пікірлесу болған жоқ, оған өте қуаныштымын! Тренерлердің барлық қатысушылармен тең дәрежеде пікірлесуі болды!"

"Көкейкесті мәселе. Аталған бағыттағы өз жұмысыңды саралауға жақсы мүмкіндік".

"Берілген мүмкіндік үшін ұйымдастырушылар мен тренерлерге алғыс білдіремін. Мен өте көп пайдалы ақпарат алдым, енді пайдалануға және басқаларға кеңес беруге, ақпаратпен бөлісуге мүмкіндігім бар. Сәттілік тілеймін!"

Іс-шара Павлодар облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлестікте ұйымдастырылды.

«TANDAU» қоғамдық қоры 2003 жылдан бері әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Соңғы үш жыл көлемінде "Қолжетімді Павлодар" ұйымның негізгі жобасы болып табылады, жобаның негізгі мақсаты - мүгедектігі бар адамдарды өмірдің маңызды салаларының нысандары мен қызметтеріне кедергісіз қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, ол Павлодар қ. нысандары қолжетімділігінің электронды картасының қызметі (www.dospav.kz сайты), сондай-ақ инклюзивті ортаның тұрақты дамуына жағдай қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда www.dospav.kz сайты мен "Қолжетімді Павлодар" ұялы қосымшасы барлық мүдделі, жауапты және немқұрайлы емес адамдарға арналған ақпараттық алаңды құруда маңызды элемент болып табылады.

 

 

Поделиться страницей: