Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

25 мамыр 2018 ж.

Мектеп психологтары туған ауылдарына көмектесуде

2018 жылдың 20 мамыр күні Маңғыстау облысының Құрық аулында мектеп, кәсіптік колледж бен Қаракия аудандық емхана психологтарына оқытудан өткендері туралы дипломдары табысталды. Кәсіптік біліктілікті арттыру бойынша бағдарламаның жеті қатысушысы 5 ай бойы замануи тиімді экспресс-психотехнологияларды зерттеді (210 сағат).

Білім беру мекемелерінің психологтары қызметтеріне байланысты заңнаманы, білім беру мекемеде жұмыс істейтін психологтың қызметінің ерекшеліктерін, Эриксон технологиялары мен экспресс-психотерапиядағы НЛБ әдістерін зерттеді, бір сеанс ішінде бірнеше психотехнологияларды біріктіруге үйренді.  

Алған білімдері мектеп психологының  жұмысына қатысты түрлі мәселелерді шешуге септігін тигізеді: кәсіптік бағдарлау, суицидты алдын алу, зорлық құрбандарына көмек, басқа да психотравмалар мен негативті эмоциялар. Өткен оқыту психологтардың педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен жұмысындағы біліктілігін арттыруға бағытталған. 2018 жылдың соңына дейін психологтар бағдарлама аясында жұмыстарын жалғастырады, оларға мониторинг пен онлайн консультациялар өткізіледі.

Оқытуды Алматы қ. «Genesis Verae» психотехнология орталығының мамандары Жанар Даненова мен Құрмантай Шурабеков жүргізді.  

«Аталған аймақа бес жылдан астам білім саласындағы жобада жұмыс істей келе, балалардың көптеген психотравмаларының басты себебі отбасы мен мектеп екендігін айқындадық. Сол кезде біз балаларға көмек көрсету үшін алдымен ересек адамдармен жұмыс істеу керектігін түсіндік...Оқыту барысында психологтар сарапшылардың қарауымен тәжірибе жүзінде оқытылған психотехнологияларды қолданды. Олар 4-тен 60 жасқа дейінгі адамдармен 100 жуық сеанс өткізді. Барлық 100% сеанс қатысушылары жүйелі түрде отбасыларында немесе мектепте физикалық немесе психологиялық зорлықтан зардап шеккен екен... 30% суицидалды үрдіс байқалды, бірақ оның барлығы дәрі-дәрмексіз алынып тастады», - дейді жоба менеджері Ажар Нұрбай.

«Бізге балаларға деген көзқарасты өзгерту қажет! Ересек адамдарға балаларды жеке тұлға ретінде қабылдау керек. Ешкімге балаларды қорлауға құқық берілген, емес, одан артық физикалық зорлықты қоспағанда. Біз болашақта балалардымыздың қалыптасқа, жауапты, белсенді және позитивті тұлға ретінде көргіміз келеді. Оның барлығын біз өзміздің мысалмызда ғана көрсете аламыз», - дейді «Genesis Verae» психотехнология орталығының директоры, психиатр, нарколог, психотерапевт, медициналық психолог, балалар психоневрологы, сот және әлеуметтік психиатрия сарапшысы, эриксон гипнозының психологы, НЛП-терапевт,  Жанар Даненова.  

«Біз жаман адам емес, жаман іс-әрекеттер болады деп үйретеміз...Барлық адамда жақсы қасиет бар екендігіне сенімдіміз, және психологтың ең басты міндеті әр адамдағы сол қасиетті таба білу, өзіне деген сенімді ұялату және дамыту», - дейді «Genesis Verae» психотехнология орталығының сарапшысы Құрмантай Шурабеков.

2015 жылғы 22 сәуіріндегі Маңғыстау облысы әкімінің №115 бұйрығымен бекітілген Маңғыстау облысындағы орта білім беру мекемелердегі психологиялық қызмет көрсету ережелерге сәйкес, мектеп психологтарының алдында келесі міндеттер қарастырылған:

  • оқушылардың жеке бас және интеллектуалдық дамуына үлес қосу, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамуына қажет қабілеттіліктер қалыптастыру; ақпараттық әлеуметтің жылдам дамуына қарай, оқушылардың сәтті әлеуметтеуіне психологиялық көмек көрсету; оқушыладың шығармашылық потенциалдарын дамыту;
  • оқушылардың психологиялық қиыншылықтарын шешу жолында психокоррекциялық жұмыс жүргізу; оқушылардың психологиялық денсаулықтарын қорғау;
  • психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу мен оқу-тәрбие жұмысында оңтайлы әдістерді таңдау жолында ата-аналараға және педагогтарға консультациялық көмек көрсету.

Енді ережеде бекітілген барлық міндеттер мектеп психологтарымен заманауи экспресс-психотехнологияларды қолдана келе, тиімді орындалады.

«Гуманистік психотехнологияларды колданып, біз физикалық немесе психологиялық зорлыққа ұшыраған, және депрессяда болған, оған қоса өз өмірлерін қиюға барған оқушылармен жұмыс істей аламыз. Біз үлкен тәжірибе алдық. Терапиядан кейін балалардың өмірдегі орындарын табуы, өз қуаныштарымен бізбен бөлісуі бізді одан арта жұмыс істеуге ынталандырады», - дейді Раушан Абишева, №6 мектеп психологы.

«Балалар да, ересек адамдар да қателесуге қорқады. Бір қателік жасаса, өздеріне деген сенімсіздік пен қорқыныш пайда болады. Бірақ тек қателесе отырып, адам ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін айқындайды. Психотерапия арқылы біз адамдарға қателік жасау – қалыпты жағдай екендігін, және тек өзің ғана өмір жолыңды таңдай білетіндігіңді түсіндіре аламыз», - дейді Мөлдір Дуйсенова, Қаракия кәсіптік колледж психологы.

Психологтар тек біліктіліктерін арттыра қоймай, әр түрлі мәселелер бойынша мұғалімдер мен оқушылармен жұмыс істей келе, мектептердегі психологиялық ортаны қалпына келтіреді. Сонымен қатар Құрық а. психолог қауымдастығын құру және білім беру мекемелерден бөлек ауыл тұрғындарына жеке психологиялық көмек көрсету кабинет ашу жоспарлануда. 

Оқыту ERSAI Caspian Contractors LLC  компаниясының қолдауымен кәсіптік бағдарлау мен әлеуметтік-психологиялық ортаны жақсартуға бағытталған «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» әлеуметтік жобаның екінші фазасының аясында өтті.

 

Поделиться страницей: