Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

13 наурыз 2019 ж.

Маңғыстау облысының әлеуметтік бизнестерін марапаттау рәсімі

2019 ж. 12 наурызында Ақтау қаласында Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Тенңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асыратын «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша үздік жобалар авторларына сертификаттар тапсыру салтанаты өткізді.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімдігінің әлеуметтік бөлімдер басқармаларының, ақпарат құралдарының, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» АҚ, Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсының және үкіметтік емес ұйымдарының, «Теңізшевройл» ЖШС және ОАЕҚ өкілдері қатысты.

«Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС Маңғыстау облысында Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы шеңберіндегі  қызметін жүргізуде, соған орай, компания аталған өңірде қысқа мерзімді Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруды бастады», - деп атап өтті өз сөзінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкімет және жұртшылықпен байланыс бойынша бас менеджер Рзабек Артығалиев. – «2016-2018 жж. 21 әлеуметтік кәсіпкер сайыс жеңімпазы атанған, Атырау облысында сәтті жүзеге асырылған «Жарқыра» жобасының нәтижелерін негізге ала отырып, біз Маңғыстау облысында аталмыш жобаны бастадық. Бұл бағдарлама Маңғыстау облысында да сәтті жүзеге асырылып, облыстағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз».

2019 ж. 26-27 ақпанында байқаудың 16 жартылай финалистері сарапшылар комитеті алдында әлеуметтік жобаларын қорғады. Сарапшылар 1 грант, 4 жылдық пайызсыз несие және 6 кәсіби тағылымдама түріндегі  қаржылай қолдауға ие болатын 5 жобаны таңдап алды. «Жарқыра» бағдарламасының биылғы жалпы грант қоры 11 000 000 теңгені құрады.

2019 жылдың жеңімпаздары:

  • «Балалар мен жасөспірімдерге STEM білім беру» жобасымен Нұрлан Жалғасбаев кәсіби тағылымдаманы ұтып алды. Нұрлан Ақтауда STEM (S-ғылым, T-технология, E-инженерия, M-математика) бағытындағы оқыту орталығын ашуда. Оқыту 4 модульден тұрады: инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D модельдеу. Оның басшылығымен осындай орталық Жаңаөзен қаласында жұмыс жасап тұр.
  • «Ясин» медициналық орталығының тұсында «Инсульт және жарақат алған науқастарды медициналық оңалту» жобасымен Махамбетова Айшагүл пайызсыз несие мен тағылымдамаға ие болды. Медициналық орталық мүмкіндігі шектеулі жандарды (инсульт, жарақат, инфаркт алған науқастар мен сал ауруына шалдыққан балалар) оңалту үшін білікті медициналық көмек көрсетеді, сол арқылы олардың қоршаған әлеммен байланысын қалпыға келтрудегі физикалық және психологиялық кедергілерді жеңуде ықпалдасады.
  • «Өркен» білім беру орталығының тұсында «Балалардың көру қабілетін оңалттыру кабинеті» жобасымен Шалқарова Айбала кәсіби тағылымдамаға ие болды. Жоба көру қабілетін емдейтін және жаттықтыратын механикалық аппараттардың көмегімен балалардың көз ауруларын алдын алуға бағытталған.
  • «Маңғыстау облысының капоэйра федерациясы» ҚБ тұсында «Балаларға арналған акробатикалық спорт түрлерін дамыту» жобасымен Сәрсенов Ержан. Ержан дене күші әлсіз балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік береді және облыс үшін акробатикалық спорт түрлерінің болашақ жаттықтырушыларын дайындайды.
  • «РАЙ» әйелдерге әлеуметтік шұғыл жәрдем көрсету орталығы тұсында «Тұшпара өндіру цехі» жобасымен Бекманова Райхан пайызсыз несие мен тағылымдамаға ие болды. Жоба бойынша тұрмыстық зорлық зомбылыққа түскен әйелдерге көмек көрсететін дағдарыс орталығында ұн өнімдерінің жартылай фабрикаттарын дайындайтын мини-цех ашылады. Мини-цех әйелдерге қиын жағдайда жұмыс жасап, табыс табуға мүмкіндік береді. Ал дағдарыс орталығы тәуелсіз қаржы көзіне ие бола отырып, көмек көрсетуде тұрақтыланады.
  • «Луара» қоғамдық орталығы тұсында «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған инклюзивті демалыс (би терапиясы және жағажай)» жобасымен Лаура Асырова байқаудың грантын және кәсіби тағылымдаманы ұтып алды. Лаура би-қозғалыс және теңіз терапиясы арқылы инклюзивті мәдени демалыс орталығын ашуды жоспарлап отыр. Мүгедектігі бар балалар мен жастар бейімделген жағажайда суда батпайтын арнайы креслоның арқасында теңізге түсе алады.
  • «Бала бақша тұсында қажеттіліктері ерекше балаларды оңалту кабинеті» жобасымен Ордабаева Самал пайызсыз несиеге ие болды. Орталық Боранқұл ауылындағы жеке балабақшада ашылады. Балабақшада көрсетілген стандартты қызметтермен қатар балалардың жан-жақты дамытуына, еркін ойлауына және тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінеді, логопед жұмыс жасайды, математика, ағылшын және орыс тілдерінен сабақтар жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетіледі.

Байқауға 37 өтінім түсіп, оның 16 жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалистерге арнап қор маркетинг, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша бизнес-тренингтер өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар бизнес-жоспар жазуда кеңес берушілердің көмегін алды.

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, оқыту, қаржыландыру алу байқауы және тәлімгерлік.  Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді жаңашыл жолмен шешуге бағытталған әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Оны әр түрлі елдердің азаматтары өз бетімен қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін табысты қолданылып келе жатыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекетке көмек көрсету, ақылмен жасалған қайырымдылық.

Поделиться страницей: