Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 қараша 2017 ж.

Маңғыстау облысында заманауи білім беру тәсілдерін тарату жұмыстары жалғасуда

Орталық Азияның Еуразия Қоры (әрі қарай - ОАЕҚ) ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен «Бірге өсеміз!» мектепке дейінгі білім беру саласындағы әлеуметтік жобаласын жүзеге асыруын жалғастыруда.   

2013 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бірге өсеміз!»  әлеуметтік бастамасының бас мақсаты Құрық а. мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.  Жобаның бас міндеттері: балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жергілікті сарапшылар арқылы Маңғыстау облысында білімді тарату. Құрық ауылының 7 балабақшасының базасында 5 «Монтессори» кабинеттері және 9 «Степ бай Степ» топтарын ашылған болатын.

Маңғыстау облысында заманауи білім беру тәсілдерін тарату компонентінің аясында келесі іс-шаралар өтті:

1)      2017 жылдың 27 қыркүйегінде Маңғыстау гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттеріне («Мектепке дейін білім беру» мамандығы) Монтессори жүйесі бойынша көрнекі сабақ өтті. Құрық ауылының балабақшаларының (Айгөлек, Құлыншақ, Жаншуақ, Құрық ауылындағы облыстық мектеп-интернатындағы шағын-орталық) негізінде 4 оқытушы және 57 студент 4 Монтессори кабинеттерінде сабаққа қатысты.  Студенттер мен педагогтар 2018 жылдың мамыр айында Монтессори топтарын тағы да көруге және 2017 жылдың желтоқсан айындағы Степ бай Степ технологиясы бойынша көрнекі сабақтарға қатысуға ниет білдірді.

2)      Сонымен қатар 2017 жылдың 28-29 қыркүйегінде Монтессори тобы мен Степ бай Степ тобы 2017 жылдың 10-14 шілде аралығында өткен тренингтен алған білімдерін бекіту мақсатында Құрық ауылының 5 балабақшасында тәжірибеден өтті. Тәжірибеге 25 облыстық балабақшадан 34 адам қатысты (тізім қосымша жолданды): Степ бай Степ технологиясы бойынша 15 адам тәжірибеден өтті және Монтессори топтарында  19 адам тәжірибеге қатысты (ТӨЖ және Сенсорика аймақтары). Барлық қатысушылар білімдерін тереңдету бойынша шағын-сессияларға қатысты (тәжірибелік материалдарды әзірлеу, ата-аналармен жұмыс), жаңа әдістемелік материалдар және сертификаттар алды.

2017 жылдың 30 қазан – 3 қараша аралығында облыстың 14 балабақшасынан келген жалғастырушы топқа Монтессори тәсілі (Тіл, Ғарыш аймақтары) бойынша облыстық тренингтер өтеді, сонымен қатар облыстың 10 балабақшасынан келген тәрбиешілерге (екінші дүрмек) Степ бай Степ технологиясы бойынша оқыту өтеді.

 «Менің ойымша, Степ бай Степ тәсілі бойынша өткен тәжірибелік тренинг жоғары дәрежеде өтті. Маған балалармен тәжірибе жүзінде жұмыс істеген ұнады. Біз осы тәсілді меңгердік деп ойлаймын. Осы технологияны өзіміздің балабақшамызда қолданамыз деп үәде беремін».

Надирова Әлия Қойлыбаевна

Аудандық білім бөлімі, Шетпе

«ТӨЖ және Сенсорика аймақтар бойынша өткен тренингке қатысып, Монтессори жүйесі бойынша тәжірибеге келдім. Мен Монтессори ортасында балалармен жұмыс істеп, «Бөлме гүлдері» атты тақырып бойынша сабақ жүргіздім. Осы мүмкіншілік маған өзіме деген сенімділікті оятты».

Сүлейменова Аманбибі Күзембаевна

Ақтау қ., №16 «Бөбек» б/б

Поделиться страницей: