Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

10 желтоқсан 2018 ж.

Маңғыстау облысында "Қоғамдық кеңістіктер" жобасы өз жұмысын бастады

2018 жылдың қыркүйек айында "Теңізшевройл" ЖШС-нің қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры "Қоғамдық кеңістіктер" аталатын бірегей жоба бойынша өз жұмысын бастады.

Жобаның географиясы - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қ. мен Баутин ауылы және Бейнеу ауданы Боранқұл ауылы.

Жоба  негізінен жергілікті белсенділер мен тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлесіп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндіреді. 

Жобаны жүзеге асыру барысында аталған үш елді-мекенде жергілікті билік өкілдерінің, белсенділердің, ҮЕҰ өкілдері мен жастардың қатысуымен фокус-топтар өткізілді. Кездесу мен талқылаулардың нәтижесінде жобаның идеясы жергілікті тұрғындар мен әкімдік өкілдерінің тарапынан қолдауға ие болды.

29 қазан - 6 қараша аралығында үш елді-мекенде "Қауымдастықты жұмылдыру" семинар-тренингтері өткізілді.

Семинардың мақсаты өз қауымдастықтарындағы мәселелерге жергілікті тұрғындардың назарын аудару және ол мәселелерді өз күштерімен, жергілікті тұрғындарды қатыстыру арқылы шешу жолдарын талқылау болатын.

Екі күндік семинар-тренингтердің нәтижесінде әрбір қауымдастықтағы инфрақұрылымның нақты мәселелері анықталды, болашақ мини-жобалар талқыланып, белсенділер мен көшбасшылар қажетті шешімдер мен аталған мәселелердің шешімін табуға ауылдың жанашыр тұрғындарын қатыстыру жайында сөз қозғады.

Семинар-тренингтің жаттықтырушысы Әсел Иманғожина жергілікті тұрғындарға өз қауымдастықтарын жақсартуға қатысудың маңыздылығы, инфрақұрылымды дамытуға атсалысу және мұндай мәселелерді белсенділер мен елді-мекендердің жанашыр тұрғындарын тарту арқылы шешудің қажеттілігі турасында сессиялар өткізді. Жалпы семинар-тренингке үш елді-мекеннен 87 адам қатысты, олардың қатарында белсенділер, жергілікті бизнес өкілдері, ҮЕҰ, зейнеткерлер, жастар мен жергілікті билік өкілдері бар.

Поделиться страницей: