Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

26 тамыз 2019 ж.

Маңғыстау облысы әлеуметтік кәсіпкерлерінің бірінші «Құрылтайы»

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен  жүзеге асып жатқан «Жарқыра» бағдарламасының аясында, 2019 жылдың 22 тамызында Маңғыстау облысы әлеуметтік кәсіпкерлерінің бірінші Құрылтайын өткізді.  

Құрылтайдың мақсаты - Маңғыстау облысының белсенді тұрғындарына инновациялық әлеуметтік шешімдер бойынша идеялармен алмасу үшін алаң ұсыну.  Шараға облыс әкімдігінің әлеуметтік басқару блогы, БАҚ, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, облыстың Азаматтық Альянсы, ҮЕҰ, «Теңізшевройл» ЖШС және ОАЕҚ өкілдері қатысты.

Құрылтай барысында 2019 жылғы «Жарқыра» байқауы жеңімпаздарының табысқа жетуінің жарқын мысалдары сөз болды. Осы жылы Маңғыстау облысында 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді: 5 жоба 11 миллион теңгеге қаржыландырылды және екі жоба ТМД елдеріне кәсіби тағылымдама ұтып алды. Жобалардың тақырыбы: даму, спорт және балаларға білім беру; мүгедек адамдар үшін қолжетімді орта; жарақат пен инсульттан кейінгі сауықтыру. Жобалар өз қызметтерін Маңғыстау облысының шамамен 800 тұрғынына көрсетеді.

Құрылтайға «Жарқыра» бағдарламасы төртінші жыл жүзеге асырылып отырған және кәсіпкерлерінің іс жүзіндегі тәжірибесі молырақ Атырау облысының әлеуметтік кәсіпкерлері де қатысты.

«Жобаға қатысу маған жаңа достар сыйлады және мүмкіндіктерімнің жаңа қырларын ашты. Мен БЦП диагнозы бар адамдардың жүзуіне арналған арнайы арбаны бірінші болып сынап көруге келістім. «Луара» бейімделген жағажайы жазғы маусымының ашылу күні, салтанатты түрде мені теңіз суына ыңғайлы әрі қауіпсіз арбада түсірді», - деді «Луара» қоғамдық қорының бенефициары Рафаэль.       

Күннің екінші жартысында Алматы қаласынан келген жаттықтырушы Ғалым Жукупбаевтың «Бизнес үшін идеялар іздестіру» авторлық тренингі өтті. Бизнес идеяларды қалай іздестіру қажет, Ақтау нарығында өз идеяңызды қалай ілгері жылжыту керек, қалай табыс табуға болады деген сияқты бүкіл шағын бизнесті қызықтыратын сұрақтар тренинг барысында талқыланды.

«Жарқыра» бағдарламасы арқылы ТШО Қазақстанның батыс өңірінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауда. 2016-2019 жылдар аралығында Атырау облысында 31 әлеуметтік кәсіпкер байқаудың жеңімпазы атанды. Ал осы жылдың наурызында біз Маңғыстау облысында «Жарқыра» байқауының 7 жеңімпазын жарияладық, соның ішіндегі 6 бизнес-жоба жергілікті халықтың игілігіне белсенді түрді жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында «Теңізшевройл» ЖШС-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жалпы сомасы 2 млн АҚШ долларын құрайтын 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда», - деді «Теңізшевройл» ЖШС-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жарқыра» бағдарламасы Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен ОАЕҚ-мен жүзеге асырылады.  Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамға өзекті мәселелерді инновациялық жолмен шешуге көмектесетін әлеуметтік мақсаты бар бизнес.  «Жарқыра» бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің бүкіл кезеңін қамтиды: өтініштерді қабылдау, оқыту, жобаларды қаржыландыруға арналған байқаулар, консультациялар және кәсіби тағылымдамалар.

Поделиться страницей: