Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

15 ақпан 2018 ж.

Маңғыстау гуманитарлық колледжінде Монтессори кабинет ашылды

2018 жылдың 7 ақпан күні ОАЕҚ «Бірге өсеміз» бастамасының аясында Ақтау қ. Маңғыстау гуманитарлық колледжінде Монтессори оқыту кабинеті жұмысын бастады.

Ресми ашылу салтанатына ERSAI Caspian Contractor LLC компанисының, Орталық Азияның Еуразия Қорының және Маңғыстау облыстық білім басқарма өкілдері қатысты.

Кабинет Монтессори тәсілі бойынша тәжірибе алуға инновациялық  кеңістік болады. Мұнда бес аймағы (ТӨЖ, сенсорика, тіл аймағы, ғарыш білімі мен математика)  бар толық Монтессори ортасы құрылды. Мұндай кабинет колледжге балаларды мектепке дейінгі кезенде дамыту технологиялардың ең тиімді түрлерінің бірі болып табылатын Монтессори тәсілі туралы түсінігі мен тәжірибелік дағдылары бар  студенттерді шығаруға мүмкіндік береді.

«Бұл кабинет Монтессори әдісінің барлық бес аймағы бойынша жабдықталған. Қазіргі кезде біз материалдармен танысып, жұмыс істеп жатырмыз. Барлық алған білімімізді біз енді өз колледжіміздің негізінде тәжірибе жүзінде бекіте аламыз», - дейді Гүлсая Өтегулова, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті.

Кабинет Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдістер бойынша білім таратуды көздейтін «Бірге өсеміз» жобаның бесінші фазасы аясында ашылды.

2013 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бірге өсеміз!»  әлеуметтік бастамасының бас мақсаты Құрық а. мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.  Жобаның бас міндеттері: балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жергілікті сарапшылар арқылы Маңғыстау облысында білімді тарату. Құрық ауылының 7 балабақшасының базасында 5 «Монтессори» кабинеттері және 9 «Степ бай Степ» топтары ашылған болатын.

 

Поделиться страницей: