Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

11 сәуір 2016 ж.

Қызылорда облысы, Айтеке би кентінде «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтпек

Қызылорда облысы, Айтеке би кенті, Қазақстан -  2016 жылдың 15 сәуірінде «Бастамаларды қолдау» Қоғамдық бірлестігі   «Орталық Азияның Еуразия Қоры» және АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы шеңберінде «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы бойынша  «Қызылорда облысындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру» тақырбында дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел барысында  Қызылорда облысының Қазалы ауданы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі таныстырылады және Қазалы ауданындағы медициналық мекемелердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтері бойынша маңызды мәселелер талқыланады. Қазалы ауданының тұрғындарының өз қауымдастығындағы маңызды мәселелерді белсенді шешуге атсалысуы үшін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау жүйесіне азаматтар мен барлық мүдделі тараптардың тиімді қатысуы үшін және есептіліктің тиімді механизмін жүзеге асыру үшін аталмыш дөңгелек үстел  ZOPP (Қиындықты мақсатты түрде шешу) тәсілі бойынша жүргізіледі.

Жергілікті деңгейдегі шешім қабылдаудағы қауымдастықтың ролін көтеру, мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдырмен және медициналық мекемелермен әріптестікті және тиімді диалогті құру тегін медициналық көмек алуда оң әсер қалдырары сөзсіз.

Дөңгелек үстел нәтижесінде жасақталған ұсыныстар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету бойынша әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың мониторингін жүргізуге қоғамның қатысуы механизмі ретінде қолданылады.  

 

Байланыс үшін ақпарат: Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 20/16

Тел: 8 777 004 65 56,   8 775 396 69 96

Ахметханова Найля – жоба координаторы                   

Поделиться страницей: