Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

28 желтоқсан 2015 ж.

Құлсары тұрғындары ауланы өз қолдарымен абаттандыруда

24 – 25 қазанда Атырау облысы, Құлсары қаласында «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асатын, Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) «Өрлеу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған ортақ үйлі аумақтарды абаттандыру бойынша шеберлік сабақтары өтті. Шақырылған дизайнер Ирина Горбаченка қайталама шикізатты қолдана отырып, ауланы түрлендірудің жолдарын айтып көрсетті. 

Осылайша, тұрғындар пайдаланылған автокөлік шиналарын, бөтелкелерді, құбыр қалдықтарын және тағы басқа да заттарды жинады. Барлығына жарамды болған босатылған палеттерді (жүк тұғырықтарын) бере отырып, ТШО да шетте қарап қалмады: олардан тұрғындар өз қолдарымен жастар мен қарт адамдардың демалысы үшін орындықтар, балаларға арналған құмсалғыш және автокөліктердің жаппай тұрағынан үйдің ашық ауласын қорғайтын қоршау жасады. Сондай-ақ, қоршау отырғызылған ағаштар мен гүлдерді кейде аулада кезіп жүретін ірі қара малдардан қорғайтын болады.

«Осы жылы біздің үйдің тұрғындарынан құралған бастамашыл топ көппәтерлі үйлердің жағдайын жақсарту бойынша ОАЕҚ гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Қор қажетті материалдармен қамтамасыз етті, ал жөндеу жұмыстарын біз өз күшімізбен және құралдарымыз жасадық. Біз подъездерде жөндеу жұмыстарын жүргіздік, терезелерді ауыстырдық, есіктер орнаттық. Біздің үй ішінен өзгерген кезде, біз ауламыздың да осылай әдемі болғанын қаладық. Шеберлік сабақтары туралы естіген кезде мен қатты қуандым. Бір ай бойы біздің үйдің тұрғындары ескі дөңгелек тыстарын, бөтелкелер, жарылған доптар және тағы басқа заттарды жинады, - деп Құлсары қаласының №5 үйдің тұрғыны Гүлназ апай айтады. – Кез келген заттан тек қана әдемі ғана емес, сондай-ақ пайдалы зат жасауға болады екен. Біз нәтижелермен өте қуаныштымыз, бізде енді әдемі, жарқын аула, таза және қауіпсіз подъездер бар және көршілер тату, ұйымшыл бола бастады. Сіздерге рахмет!»

Осылайша, қарапайым үйдің тұрғындары өздерінің ынтасы және еңберқорлығы арқасында өз қолдарымен бос қалған жерді көрнекі, функционалды алаңқайға айналдырды.

Поделиться страницей: