Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

23 тамыз 2019 ж.

Үлкен өзгерістер кішкентай қадамнан басталады!

«Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қорының бастамасымен «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы Форт-Шевченко мен Баутинде жалғасын табуда. 21 тамызда жоба аясында тұрғындардың өз күшімен іске асырылған, кезекті 2 бірегей шағын жобаның ашылу рәсімі өтті.

  1. Баутин ауылының орталығындағы  «Ана мен бала бөлмесі» жобасы жергілікті амбулатория ұжымы, белсенді жас аналар мен жүкті әйелдердің бірлескен жобасы. Ауыл тарихындағы алғашқы орталық бұрын-соңды Ақтау қаласына баруға мәжбүр болған жас аналар мен жүкті әйелдерге қажетті көмек көрсетпек.
  2. Форт-Шевченко қаласы «Жастар аллеясы» жобасы жергілікті белсенді жастар мен тұрғындардың күшімен іске асырылған жоба. Енді қалада бос уақытты өткізуге,  серуендеуге, отбасымен демалуға арналған «Жастар аллеясы»бар!

Шағын жобаның жетекшісі Гүлзира Есетова: «Ана мен бала бөлмесін ашудағы мақсат әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, дені сау сәбидің дүниеге келуіне ықпал  ету, ана мен бала өлімінің санын азайту, науқасқа салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу болып табылады. Жас аналар бала күтімі туралы кеңестер, ақпараттық және оқыту материалдарын алады, тренингтер мен семинарларға шақырылады».

Жобаның бірегейлігі сол-жергілікті тұрғындардың мәселені өздері анықтап, шешу жолдарын қарастырып, бастамашыл топтарды құру арқылы өз қауымдастықтарында әлеуметтік нысандарды салуында.

«Атырау облысының Жылыой ауданында 2013-2015 жылдары жүзеге асырылған жоба үлгісімен 2018 жылдың қыркүйек айында ТШО «Қоғамдық орындар» жобасының бастамасын көтерді. Біз көздеген мақсат – жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға деген жауапкершіліктері туралы түсініктерін арттыру.  Бүгін осы жоба аясында  екі нысанның аяқталғандығын хабарлаймыз. Осы жоба шеңберінде Түпқараған ауданында барлығы 5 әлеуметтік жоба іске асырылды. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында «Теңізшевройл» ЖШС-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жалпы сомасы 2 млн АҚШ долларын құрайтын 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда», – деп «Теңізшевройл» ЖШС-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өз сөзінде атап өтті.

Аталған әлеуметтік жобалар Форт-Шевченко мен Баутин елді мекендерінің жергілікті әкімдіктерінің қолдауымен, жергілікті белсенділер, жастар мен қарапайым тұрғындардың қатысуының арқасында мүмкін болды.

Түпқараған ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Досан Жеткізгеннің жоба туралы пікір мынадай: «ТШО-ның жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға көмектесетіндігі және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсететіні маңызды. Бұл әлеуметтік топтар шындығында біздің жұмысымызға көмектесуде және ол істі тиімді жүзеге асырып отыр».

«Қоғамдық орындар» жобасының мәні жергілікті белсенділер мен тұрғындарды өз күштерімен жергілікті қоғамдық инфрақұрылымды жақсарту үдерісіне тарту арқылы жергілікті тұрғындардың өз қауымдастықтарындағы өмір сапасын жақсартуға жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Поделиться страницей: