Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

21 сәуір 2016 ж.

Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім берудің үздіктері

Қазір барлық облыстарда «Білім берудегі инновация және тәжірибе – уақыт талабы» II Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңдері  өткізіліп жатыр.Педагогикалық оқулар – педагогикалық қызметкерлерді ғылыми – зерттеу жұмысына тартудың тиімді тәжірибелерін таратудың нысаны болып табылады. Педагогикалық оқуларды өткізу педагогикалық ғылым мен практиканың бірігуіне, білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің нысаналы дамуына, педагогтердің инновациялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

II Республикалық педагогикалық оқулардын  облыстық сайысы «Маңғыстау облысының білім басқармасы жанындағы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығымен ұйымдастырылды. 

2016 жылдың 16-18 наурызы аралығында Құрық ауылында (Қарақия ауданы, Маңғыстау  облысы) II Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық сайысына мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің атынан 12 қызметкер қатысты. Құрық ауылының балабақшаларының тәрбиешілері топ жарып, жүлделі орындарға ие болды:  

-      Бас жүлде: «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Джумагазиева Жадырасын (тақырыбы: «М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері. Мотессори тобындағы дамытушы ортамен жұмыстарды ұйымдастыру»)

-      1-орын: «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Жанат Танжарикова (тақырыбы: «Тәй-тәй технологиясы – болашақтың жарқын кепілі»)

-      2-орын: «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Дина Султанова (тақырыбы: «Кіші жастағы баланың ақыл-ойын дамытуда Монтессори педагогикасындағы сенсорлық аймақтың маңызы»)

-      3-орын: «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Акмарал Отарбаева (тақырыбы: «Тәй-тәй технология негізіндегі тәрбие мен оқыту жұмыстары жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңа әдіс тәсілдердің маңызы»)

 

Құрық ауылының барлық жеңімпаздары 2016 жылдың 5-6 сәуірінде Ақтау қаласында өткен облыстың кезеңге жолдама алды. Бұл кезеңде жеңімпаздар Маңғыстау облысынан келген 22 сайыскер арасынан таңдалынды.  Джумагазиева Жадырасынның жұмысы үздіктердің қатарында болды. Жадырасын облыстық сайыста жүлделі  3-орынға ие болды. Жадырасын мен басқа жүлдегерлер Маңғыстау облысының намысын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алды.

Құрық ауылының мемлекеттік балабақшалары ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Бірге өсеміз!» мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту жобасының қатысушылары. Жоба 2013 жылы басталды, балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды; оқу үрдісіне әрбір баланың белсендігін қамтамасыз ететін оқытудың халықаралық әдістерін енгізу міндеттерін қойған.

Бүгін жобаға қатысушы 4 балабақшада Монтессори мен Степ бай степ инновациялық әдістері енгізіліп, тиімді жқмыс істеп жатыр. Монтессори сабақтары мемлекеттік бағдарламаға қосымша ретінде жүргізілсе, мемлекеттік бағдарламаның өзі Степ бай степ технологиясын қолдану арқылы оқытылады.  

Поделиться страницей: