Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
10 қазан 2017 ж.
Әлеуметтік педагогтер қатер тобындағы жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс жүргізуді үйренуде
ТБҚБ-ның «TEENS: қолжетімді және сапалы көмек» жобасы 5-10 қазан аралығында Алматыда қатер тобындағы жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын апробациялаудың екінші кезеңі аясында тренингтер курсын өткізеді.
Баспасөз релизінде «Халықаралық сарапшылармен бірлесіп жасалған, мектептер шеңберінде отбасыларға мемлекеттік консультациялық қызмет көрсететін педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасын апробациялаудың екінші кезеңі өткізіліп жатыр. Оқытуды ұзақ уақытқа созылған аналитикалық және келіссөз жұмыстарының нәтижесінде іріктеліп алынған халықаралық тренерлер, проблематика бойынша сарапшылар, израилдік мамандар Gila Petrovа мен Moti Pikelner жүргізеді», - делінген.
Семинардың алғашқы модулі Алматы қаласында 6-12 сәуірде өтті. Одан кейін семинардың қатысушылары Алматының 15 мектебінде ата-аналар тобымен апта сайын жиналыстар өткізіп тұрған болатын. Сондай-ақ, қыркүйек айында «Әйелдер көшбасшылығының қоры» ҚҚ командасы мен ҚР Білім министрлігінің өкілі Израилге сапар шегіп, ондағы қатерлі топ жасөспірімдерімен жұмыстың қалай жолға қойылғандығымен көзбе-көз танысып қайтты.
Қазан айындағы тренингтер курсына алғашқы оқыту кезеңінен өткен және бағдарлама бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізген мемлекеттік мектептердің қызметкерлері, Алматы қ. білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.
Зерттеу нәтижелеріне сенсек, қазақстандық отбасылардың 82%-ы қажеттіліктеріне қарамастан, психологиялық көмек бойынша сапалы қолжетімді мемлекеттік қызметке ие бола алмай отыр. Мұндай жағдай жергілікті орындардағы мамандардың суицидальді мінез-құлық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілігінің аздығына, ал бұл өз кезегінде, аталған тақырыпқа қатысты сәйкесінше бағдарламалар мен мемлекетішілік тәжірибенің жоқтығына байланысты орын алып отыр.
Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстан әлем елдері арасында жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейі бойынша 2 орын, ал 15-19 жастағы қыздар арасында бірінші орынды алып отыр. Аталған мәселе бүгінгі таңда TEENS жобасы бір бөлігі болып отырған арнайы мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде кешенді түрде шешілу үстінде.
«Әйелдер көшбасшылығының қоры» Қоғамдық қоры USAID және «Орталық Азияның Еуразия Қорының» қолдауымен «TEENS: қолжетімді және сапалы көмек» жобасын жүзеге асырып келеді.
Жобаның мақсаты - азаматтық қатысу механизмдері арқылы жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын-алудың мемлекеттік бағдарламасының профилактикалық құрамдас бөлігін күшейту.