Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

14 мамыр 2015 ж.

Құлсарылықтар «Жер күнін» атап өтті

18 сәуірде қаланың «Жансая» және «Достық» саябақтарына «Жер күніне» арналған сенбілік, сондай-ақ Кұлсары жағдайында жасыл көшеттертерді күту бойынша мастер-кластар өтті.

«Өрлеу» жобасының шеңберінде өткізілген қоғамдық шараға жергілікті тұрғындар, №16 және 18 мектеп оқушылары, «Тенгизшевройл» ЖШС мен Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) өкілдері, сондай-ақ саябақтарға күтім көрсететін қызметтік компанияның қызметкерлері қатысты.

Дәстүрлі сенбілік пен пайдалы мастер-кластарды қатар өткізу идеясы қатысушыларға өте ұнады. Алғаш рет Құлсарыда көгалдандыру жөніндегі маман Болат Мусабеков жергілікті климат жағдайында қалай көгалдандыру керектігін, нені отырғызу керек және оған қалай күтім жасау жолдарын айтып, көрсетті. Болат Атырау мен Құлсары жағдайларында көгалдандыру бойынша сегіз жылдық сәтті тәжірибесі бар және өзінің құпиясымен құлсарылықтармен қуана бөлісті.

Тамаша әуен, көршілер мен ауыл тұрғындарының қарым-қатынасы алынған білімдер мен атқарылған жұмыстарға жақсы әсер қосты. Жұмыс та аз емес еді: саябақта 1200-дей ағаштар бар және олардың әрқайсысына көңіл мен күтім қажет. Сенбілік қатысушылары топырақты өңдеп, тыңайтып, әктеп және жабынды қосып үлгерді. Жабын – тауарларды тасымалдау үшін поддондарды өңдеудің екінші өнімі, олар қазір тасталмай, аудан аумағында ұсақталып, ағаштарға ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі.

 «Адамдар өздерінің қолдары тиіп, күтім жасаған заттарды қатты бағалайды. Сондықтан, біз іс-шараға қатысқан құлсарылықтар саябақтарға, қаласындағы жасыл оазистерге күтім жасайды және сол жерлер олар демалатын сүйікті орындарға айналады деп үміттенеміз», - дейді жоба менеджері Айгүл Тағатова.

«Жансая» мен «Достық» саябақтары «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясы қаржысына, Құлсары қаласы тұрғындарының өтініші бойынша, бос жер орнына салынды. Алғашқы екі жыл бойы әкімшілік өтініші бойынша, ағаштар өсу үшін, саябақтарға ТШО жалдаған көгалдандыру жөніндегі мамандар күтім жасады. Бірақ 2015 жылдан бастап, Құлсары қаласының әкімдігі саябақтар мен ағаштардың күтіміне байланысты міндеттерді өз мойнына алды.   

ОАЕҚ «Өрлеу» жобасы Құлсары қаласындағы қоғамдық қолданысқа ие орындарды жақсартуға бағытталған. Жобаға негізінен 1 және 5 шағын ауандардың тұрғындары, сондай-ақ № 16 және 18 мектептер қатысады. Жоба шеңберінде экологиялық тақырыптар бойынша тренингтер мен флешмобтар, сонымен қатар саябақтарды, алаңқайларды және мектеп жаңындағы алаңдарды жақсарту бойынша гранттық байқаулар жарияланып тұрады.

Қаланы көгалдандыру тақырыбы қала тұрғындарымен әлеуметтік сауалнамаларда экологияның жақсартудың ең маңызды бағытының бірі деп аталып өткен [1]. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде шағын аудандардың  67% саябаққа балаларымен қыдыру үшін барады. 30% және 40% толығымен немесе жартылай саябақтың өміріне қатысуға дайын: күтім жасау бойынша шараларға, қалалық іс-шаралар мен жиналыстарға қатысуды қолдайды.


[1] 2007 және 2011 жылдардағы тәуелсіз әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша.

 

Поделиться страницей: