Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

9 наурыз 2017 ж.

Кітап оқуды сүю - табысты білім кілті

Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпаратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз?

Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. 9-11 жас аралығында баламен кітап оқуға ерекше назар бөлу керек.

ERSAI CASPIAN CONTRACTOR компаниясының қолдауымен Құрық ауылында жүзеге асырылып жатқан «Бірге өсеміз» - мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жобасы мен бастауыш білім беруді жетілдіруге бағытталған "Бірге жұмылып, білімге талпынайық!" жобасы аясында «2016 жыл – Құрық ауылында кітап оқу жылы» деп жарияланған болатын. Жыл бойы Құрық ауылында отбасында балаларды кітап оқуға баулуға бағытталған шаралар өткізілді. Біздің қор кітап оқудың маңыздылығы, балаларды кітап оқуға дұрыс баулу жолдары, ата-аналардың балаға кітапты дұрыс оқуы сияқты тақырыптарға арнайы ақпараттық кітапшалар жасап, ата-аналарға үлестірді. Сайысқа Құрық ауылының №2, №6, №9, гимназия мектептерінің бастауышы сынып оқушылары мен ата-аналары және «Айгөлек», «Болашақ», «Құлыншақ» және облыстық санаторлық интернат жанындағы балабақшаның тәрбиленушілері мен олардың ата-аналары қатысты. Сайыс шарты бойынша ата-аналар мен оқушылар мектеп кітапханасынан немесе аудандық кітапханадан кітап алып, бірге оқып, балаға ұнаған кітаптың мазмұнына сурет салуы керек еді. Ал балабақша тәрбиленушілері мен ата-аналары өз қолдарымен кітап жасауы керек болатын.

Сайысқа Құрық ауылының 200-ге жуық отбасы қатысты. Сайыстың қорытындысы 2017 жылдың қаңтар айында белгілі болды, ақпан айында жеңімпаздар мен қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

«Сайысқа қатысушылар осыншалық көп болады деп ойламадым,-дейді Ажар Нұрбай, ОАЕҚ жоба менеджері. –Сондықтан біз бастапқыда ойлағандай жүлделі орындарды тағайындаған жоқпыз. Барлық қатысушыларды марапаттауды жөн көрдік.

200-ге жуық жұмыстың ішінен 45 ең үздік жұмыс таңдалып алынды. Аталмыш жеңімпаздар «ЛЕГО» дамытушы конструкторларымен марапатталды, ал барлық қатысушылар қызықты кітаптармен марапатталды: физика, химия, биология пәндеріне арналған интерактивті энциклопедиялар, үштілдік түсіндірме сөздіктер. Сайысқа қатысушылардың ата-аналары да алғыс хаттармен марапатталды. Балалардың барлығы жаңа сайыстарды асыға күтуде.» 

 

 

Поделиться страницей: