Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

24 сәуір 2017 ж.

Израильдік мамандар Алматы мектептерінің психологтарымен жұмыс жүргізді

«TEENS: қолжетімді және сапалы көмек» жобасы Алматы қаласында тәуекел тобындағы жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс жүргізетін мемлекеттік мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасын апробациялау бойынша алтыкүндік (10-15 сәуір) тренингтер курсын өткізді.

Тренингтер курсы біліктілікті арттыру жөніндегі сәйкес бағдарламаны алға жылжыту бойынша шаралар кешенінің алғашқы модулі болып табылады. Тренингке қатысушылар қатарында мемлекеттік мектептер мен емханалардың қызметкерлерімен қатар, Алматы қ. Білім басқармасының, сондай-ақ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық  орталығының қызметкерлері де қатысты. Оқытуды израильдік сарапшылар Гила Петрова (Gila Petrovа) және Моти Пикельнер (Moti Pikelner) жүргізді.  

«Бұл сапар ынтымақтастық, естен кетпес кездесулер, қонақжай қабылдау, жаңа танысулар, өте дәмді ас пен өте әдемі қала туралы!... Және де мектеп психологы болудың, оның үстіне, біздің 21-ғасырда әлеуметтік педагог болудың қиындығы, білімге құштарлық туралы... Сондай-ақ Адлер бойынша ата-аналар тобы тек орыс тілінде емес, қазақ тілінде де қабылданады деген үлкен үміт туралы!», - деп тренер Гила Петрова пікірімен бөлісті.

Тренингке қатысушылардың бірі, психолог Наталья Имтосимидің пікірі: «Сізбен жеке танысу көптен бергі арманым болатын, енді міне, арманым орындалды! Моти Пикельнермен таныстығыма қуаныштымын. Сіздер тренер ретінде бұл бағдарламада өте үйлесімді көрінесіздер. Өзара толықтырулар мен ауысулар тіпті білінген жоқ. Сіз ата-аналармен, Моти жасөспірімдермен жұмыс жүргізеді, сондықтан бұл бір мәселені екі тараптан қарастыруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, сіздер өз елдеріңізде белсенді пайдаланылып келе жатқан және табысты тәжірибемен бөлісіп отырсыздар. Ендігі кезекте ең маңыздысы - бұл тәжірибені біздің елімізде пайдалану».

Тренинг жалғасын табатындығын, сарапшылар байланысты үзбейтіндігін, онлайн кеңестер мен ұсыныстар беретіндігін атап өткен жөн.

«Әлем сондай үлкен әрі сондай кішкентай, біз бір-бірімізге жақынбыз деген сезімім бар. Сіздер бас қосып, бастасаңыздар біз де қосылып, топтарды жинау мен жүргізудегі бүкіл жол бойына бірге боламыз. Жаңалықтар күтеміз!», - деп Гила Петрова оптимистік нотада тренингке қатысушылармен қоштасты.

Атап өткендей, жүргізілген зерттеуге сәйкес, қажеттіліктің бар екендігіне қарамастан, қазақстандық отбасылардың 82%-ы жасөспірімдердің суицидальді мінез-құлқының алдын-алу аясындағы психологиялық көмек бойынша қолжетімді  сапалы мемлекеттік қызметке ие бола алмай отыр. Мұндай жағдай, негізінен, қарастырылатын мәселелер бойынша жергілікті мамандардың біліктілігінің төмендігімен, ал бұл өз кезегінде, біліктілікті арттырудың сәйкес бағдарламаларының және аталған тақырып бойынша елішілік тәжірибенің жоқтығымен байланысты. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіштері бойынша әлем елдері бойынша 2 орында және 15-19 жастағы қыздар арасындағы суицид бойынша алғашқы орында тұр. Аталған мәселе қазіргі таңда TEENS жобасы бір бөлігі болып табылатын арнайы мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде кешенді түрде шешілу үстінде.

Жобаның мақсаты - жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын-алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның профилактикалық құрауышын азаматтық қатысу механизмдері арқылы күшейту. 

Поделиться страницей: