Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

11 сәуір 2016 ж.

Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Қазақстан -  2016 жылдың 8 сәуірі күні «Бастамаларды қолдау» Қоғамдық бірлестігі  «Орталық Азияның Еуразия Қоры» мен АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасы шеңберінде «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы бойынша  «Қызылорда облысындағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру» тақырбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында  Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі таныстырылады және Жалағаш ауданындағы медициналық мекемелердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтері бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Жалағаш ауданының тұрғындарының өз қауымдастығындағы маңызды мәселелерді белсенді шешуге атсалысуы үшін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау жүйесіне азаматтар мен барлық мүдделі тараптардың тиімді қатысуы үшін және есептіліктің тиімді механизмін жүзеге асыру үшін аталмыш дөңгелек үстел  ZOPP (Қиындықты мақсатты түрде шешу) тәсілі бойынша жүргізілді.

Жергілікті деңгейдегі шешім қабылдаудағы қауымдастықтың рөлін көтеру, мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдырмен және медициналық мекемелермен әріптестікті және тиімді диалогті құру тегін медициналық көмек алуда оң әсер қалдырары сөзсіз.

Дөңгелек үстел нәтижесінде жасақталған ұсыныстар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі көрсетілетін қызметтің және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету бойынша әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың мониторингін жүргізуге қоғамның қатысуы механизмі ретінде қолданылатын болады.  

Поделиться страницей: