Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

26 сәуір 2018 ж.

Игі істер бағдарламасы

20 сәуір күні Маңғыстау облысының Құрық а. жоғары сынып оқушылары Құрық ауылында өздерінің бірінші қайырымдылық концертін ұйымдастырды. 2017-2018 жж. тренингтік лагерлерге қатысқан Құрық а. 3 мектебінің (Гимназия, №1 мектеп, №6 мектеп) 9-11 сыныптарының 50 оқушысы мен 12 волонтері ұйымдастырды.

Концерт «Игі істер бағдарламасы» аясында ұйымдастырылды. Аталмыш бағдарламаны лагерь қатысушылары жасайды, оның ішіне ауыл дамуына керек істерді жазады.

Концертке 300 адамға жуық қатысты – мектеп оқушылары, ата-аналары мен достары. Балалар 35 600 теңге жинады, барлық жиналған қаражатты Құрық ауылының мұқтаж отбасыларына керек тауарлар алуға жұмсайды.  Мұндай шаралар оқушылардың өздерінің мектептері мен ауылын жақсартуға көмектеседі.

«Бұл концертке дайындаған кезде біз көпшілікті қуантқымыз келді, және ол біздің қолымыздан келді. Бір жағынан біз бұл қайырымдылық концертін біздің ауылымыздың мектеп оқушыларына арнап ұйымдастырдық, басқа жағынан біз ауылымздың көмекке мұқтаж тұрғындарына қаражат жинадық», - дейді Серік Айғалиулы, Құрық а. гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы.

«Мұндай концерттің ұйымдастыруы бізді біріктірді, біз осындай шара ұйымдастырудан тәжірибе алдық, ал концерттің сәтті өтуі бізді игі істер жасауға ытналандырады», - дейді Рысалы Ахметұлы, Қаракия кәсіптік колледж студенті.

«Біз бал болсақ та, мұөтаж адамдарға көмектесе алғанымызға қуаныштымыз. Бұл бізді қанаттандырады», - дейді Аймира Сағындык, №6 мектебінің 10 сынып оқушысы. 

Лагерь Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ  ERSAI Caspian Contractor LLC  компаниясының қолдауымен Құрық ауылының мектептеріндегі «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» бастамасының аясында өтті. 2018 жылы да өз жалғасын табатындығын есіңізге салады. ОАЕҚ кезекті іс-шараның өткізуін жоспарлап отыр. Лагерь бағдарламасы мектептік бағдарламаны толықтырады : көшбасшылық, креативтік ойлау, шешендік өнер, жобалық жұмыс, қорқыныш пен адамның ішкі психологиялық тосқауылдардан арылу.

 

Поделиться страницей: