Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
25 шілде 2017 ж.
Халықаралық сарапшылар USAID жобасы бойынша Алматыда тренингтер өткізді
Орталық Азияның Еуразия Қорымен жүзеге асырылып жатқан USAID-тың «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасы 19-22 маусымда Алматыда адвокация және әлеуметтік маркетинг пен коммуникациялар бойынша тренинг өткізді.
Тренингтер ТБҚБ гранталушы ұйымдарының әлеуетін әрі қарай арттыру мақсатында ұйымдастырылды және жоба шеңберінде 2017 жылдың ақпан айында өткізілген семинарлардың логикалық жалғасы болып табылады.
Адвокация бойынша тренингтің негізгі мақсаты гранттық жобалардың тиімділігін арттыру болса, әлеуметтік маркетинг бойынша тренинг жобалар аясындағы мәселелер мен шешімдерге мақсатты аудитория мен қалың көпшіліктің тарапынан қолдау табу мен назар аударту арқылы тұрақты нәтижелерге қол жеткізуді мақсат тұтқан болатын.
Адвокация бойынша тренингті Армениядан шақырылған сарапшы Ануг Беглоян өткізді. Әлеуметтік маркетинг пен коммуникациялар бойынша тренингке қатысушылармен белгілі ресейлік маман Владимир Вайнер жұмыс жүргізді.
Тренерлердің пікірінше, тыңдаушылар аудиториясы өте мықты, әлеуеті жоғары. Семинар оқытудан гөрі кездесу мен сарапшылардың пікір алмасуына көбірек ұқсағаны аталып өтті. Олар презентациялар мен тренинг материалдарының гранталушылардың өз жобаларын әрі қарай дамытуларына үлкен сеп болатындығына сенім білдірді.
«Тренингтер өте ауқымды, «ал да, жасай бер» деп тұрған пайдалануға дайын практикалық тәжірибелер өте көп. Барлық практикалық жаттығулар бойынша тренерден кері байланыс алып, өз қателеріңді көруің өте пайдалы болды», - дейді тренингке қатысушы, «ЗУБР» әлеуметтік-корпортивтік қорының қызметкері Евгения Шрейбер (Өскемен қ.).
«Адвокация бойынша мен өзіме шешуші және қолдаушы хабарламалар, «үнсіздік шиыршығы» және шешуші коммуникаторларды ерекше атап өттім. Ал әлеуметтік маркетингте - коммуникаиця үлгісін, ақпараттық кампанияны және БАҚ-пен жұмысты. Жоғары санатты тренерлерден дәріс алу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын», - деп ол сөзін жалғастырды.
Евгенияның әріптесі, Жадыра Анкобаева («ЗУБР» ӘКҚ, Өскемен қ.) алған білімдерін өз жұмысында, жобаларды дамыту үшін пайдаланатындығына 100% сенімді.
Тренингттер аяқталған соң алты апта көлемінде қатысушыларға жеке консультациялар беріледі.