Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

21 қыркүйек 2017 ж.

Гуманитарлық колледж оқытушылары Монтессори әдісін үйренуде

Орталық Азияның Еуразия Қоры ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен мектепке дейінгі білім беру саласында «Бірге өсеміз» атты әлеуметтік жобасын іске асыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.    

Жобаның бесінші фазасы Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдістер арқылы білім таратуды көздейді.

2017 жылдың 14-19 тамыз аралығында Ақтау қаласында «Мектепке дейінгі білім» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру мекемелердің оқутышылар құрамына «Монтессори» (Тәжірибелік өмір жаттығулары (ТӨЖ), Сенсорика) әдісі бойынша бес тәжірибелік тренингтің біріншісі өткізілді. Соның ішінде Ақтау, Жанаөзен қалаларының, Форт Шевченко, Бейнеу ауылының гуманитарлық колледждерінің оқытушылары тренингке қатысуға шақырылған болатын.

2014 жылдан бері аталған әдіспен жұмыс істеп келе жатқан және тренерлерге арналған ілгері деңгейдегі тренингтен өткен Құрық ауылының балабақшаларының (Айгөлек, Құлыншақ, Жаншуақ) тәрбиешілері – монтессори-тренерлері оқытуды жүргізді.  Ұйымдастырушылардың сөздері бойынша бұл шара жергілікті сарапшылардың әлеуетін көтеру мақсатында жүргізіледі.

Тренинг 6 күн бойы Ақтау қ. Маңғыстау гуманитарлық колледжінің аясында өтті. Тренингке Ақтау, Жанаөзен қ. және Бейнеу ауылының кәсіптік білім беру мекемелерінің 23 оқытушысы қатысты. Бірінші күн Монтессори теориясына және Монтессори шеңберіне арналды. Әрі қарай оқытушылар «ТӨЖ» және «Сенсорика» аймақтарының Монтессори-материалдарын зерттеді және оларды тәжірибе жүзінде қолданды. Алтыншы күні колледж оқытушылары емтихан тапсырды, одан кейін сертификат тапсыру салтанаты өтті.

Монтессори әдісіне колледж оқытушыларының қызығушылығын атап өтуге тиіс. Оқытушылар 2017 жылдың қыркүйек айынан Монтессори элементтерін колледж студенттеріне оқытуды бастайды.

«Монтессори тәсілі бойынша бес тәжірибелік тренингтерінің біріншісі өтті. Осы тренинг бойынша үміттерім ақталды. «ТӨЖ» және «Сенсорика» аймақтарын зерттедік. Көп тәжірибелік жұмыс болғаны ұнады. Күн сайын біз материалдарды зерттедік және тәжірибе жүзінде қолдандық, өз бетімізбен және жұптарға бөлініп жұмыс істедік, бір бірімізге түсіндіріп, көмектестік… Менің ойымша, біз сол берген білімдерді бойымызға сіңірдік. Қалған төрт тренингті асыға күтеміз. Сонымен қатар осындай шараның тренерлері мен ұйымдастырушыларына алғысымды білдірігім келеді, Сіздердің төзімділіктеріңізге, тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізбен бөліскендеріңізге рақмет. Мен алған білімімен өзімнің студенттерімен бөлісетін боламын», - дейді тренингке қатысушылардың бірі, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы, Маржан Таумұрұнова.

Сонымен қатар ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясы облыстағы колледждердің біріне Монтессори оқыту кабинетін жабдықтауға қаражат бөлді. Аталған қабинет Монтессори тәсілі бойынша тәжірибе алуға инновациялық  кеңістік болады. Мұнда бес аймағы (ТӨЖ, сенсорика, тіл аймағы, ғарыш білімі мен математика)  бар толық Монтессори ортасы құрылады. Мұндай кабинет колледжге балаларды мектепке дейінгі кезенде дамыту технологиялардың ең тиімді түрлерінің бірі болып табылатын Монтессори тәсілі туралы түсінігі мен тәжірибелік дағдылары бар  студенттерді шығаруға мүмкіндік береді.

Тренинг 2017 жылдың 24 мамырында қол қойылған «Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының білім басқармасы және ОАЕҚ арасында Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумды» жүзеге асыру мақсатында өткізілді. 

Поделиться страницей: