Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

5 желтоқсан 2017 ж.

Гуманитарлық колледж оқытушылары Монтессори әдісін үйренуде

2017 жылдың 27-30 қараша аралығында Ақтау қаласында «Мектепке дейінгі білім» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру мекемелердің оқытушылар құрамына «Монтессори» (Тіл және Ғарыш) әдісі бойынша тәжірибелік тренинг өтті. Соның ішінде Ақтау, Жанаөзен қалаларының, Форт Шевченко, Бейнеу ауылының гуманитарлық колледждерінің оқытушылары тренингке қатысуға шақырылған болатын. Тренинг Орталық Азияның Еуразия Қорымен ERSAI Caspian Contractor LLC компаниясының қолдауымен мектепке дейінгі білім беру саласында «Бірге өсеміз» атты әлеуметтік жобасынын аясында өтті.

Сенсорика» және «Тәжірибелік өмір» аймақтарын оқығаннан кейін, топ «Тіл» және «Ғарыш» аймақтарын зерттеуге кірісті. Бірінші компоненттің аясында тренингтің 24 қатысушысы «Тіл» аймағының ерекшеліктерін үйреніп, балалардың сөздік қорын дамыту әдістерін, Монтессори материалдарын қолданып балаларды жазуға және оқуға үйрету жолдарын білді.

2014 жылдан бері аталған әдіспен жұмыс істеп келе жатқан және тренерлерге арналған ілгері деңгейдегі тренингтен өткен Құрық ауылының балабақшаларының (Айгөлек, Құлыншақ, Жаншуақ, Облыстық санаторлық мектеп-интернатындағы шағын-орталық) тәрбиешілері – монтессори-тренерлері оқытуды жүргізді.  Ұйымдастырушылардың сөздері бойынша бұл шара жергілікті сарапшылардың әлеуетін көтеру мақсатында жүргізіледі.

Тренинг 2017 жылдың 24 мамырында қол қойылған «Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының білім басқармасы және ОАЕҚ арасында Маңғыстау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумды» жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

«Монтессори жүйесі бойынша өткен тренингте мен өзіме қажет мағлұмат алдым. Бұл жүйе балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып, оның жеке тұлға болып қалыптастыруына көмектеседі. Өзімнің алдағы жұмысымда жүйе элементтерін қолданатын боламын», - дейді тренинг қатысушысы Кайболдиева Нұргүл.

2013 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бірге өсеміз!»  әлеуметтік бастамасының бас мақсаты Құрық а. мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.  Жобаның бас міндеттері: балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жергілікті сарапшылар арқылы Маңғыстау облысында білімді тарату. Құрық ауылының 7 балабақшасының базасында 5 «Монтессори» кабинеттері және 9 «Степ бай Степ» топтары ашылған болатын.

 

 

Поделиться страницей: