Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

12 наурыз 2014 ж.

Орталық Азияның Еуразия Қоры ауылдық ҮЕҰ қолдау бойынша Еуроодақ жобасының нәтижелерін ұсынды

Орталық Азияның Еуразия Қоры ЕО-тың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асқан «Ауылдық ҮЕҰ қолдау» жобасының нәтижелерін ұсынды. «Ауылдық ҮЕҰ қолдау» жобасы 28 ай (2012 ж. қараша-2015 ж. ақпан) жүзеге асты. Жоба бюджеті 297 000 евроны құрады. Жоба Қазақстанның жеті облысын қамтыды: Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы.

Жоба нәтижесінде, жергілікті ұйымдардың халыққа көрсететін қызметтері сапасының артуының арқасында, ауыл тұрғындарының осал топтары қатарынан 1300 астам адамның өмір сүру деңгейі өсті. Жоба барысында, ауылдық ҮЕҰ мен жергілікті билік өкілдері арасындағы өзарақатынас нығая түсті. Азаматтық қоғам өкілдері өздерінің кәсіби деңгейін арттыра отырып, жаңа білімдер мен қабілеттерге ие болды және еңбек жағдайын жақсартты.

Жоба ауылдық ҮЕҰ институциональдық әлеуеті мен ұйымдастырушылық дамуын күшейту арқылы ауылдағы тең құқықтық және демократиялық азаматтық қоғамды дамытуды қолдауға бағытталды. Жобаның негізгі қызметі ҮЕҰ Ресурстық орталықтардың әлеуетін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешудегі жергілікті ұйымдардың бастамаларына жергілікті қауымдастық, мемлекеттік құрылым мен бизнестің назарын аудару арқылы ауылдық үкіметтік емес ұйымдар үшін диалог алаңдарын нығайтуға бағытталған болатын.    

Жоба аясында, Ресурстық орталықтар мен ауылдық ҮЕҰ өкілдері ҮЕҰ мен қауымдастықтың қажеттіліктерін бағалау, институционалдық және ұйымдастырушылық дамуы мен жобаны басқару бойынша оқытудан өтті. Тренингтер қатарынан кейін, әлеуметтік осал тұрғындар, балалар мен жастар, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету және т.б. бағыттарды қамтыған 16 ауылдық ҮЕҰ жобаларды жүзеге асыру үшін 3000 евро көлеміндегі гранттар бөлінді.

Кездесуге ОАЕҚ өкілдері, жоба серіктестері, азаматтық қоғам сарапшылары, Ресурстық орталықтар мен ауылдық ҮЕҰ өкілдері, жобаның сыртқы бағалаушысы және республикалық және ұлттық БАҚ өкілдері қатысты.

 

Поделиться страницей: