Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

27 мамыр 2024 ж.

Еуропалық Одақ жобасы Қазақстанда цифрлық белсенділіктің артқаны туралы хабарлады

Бүгін «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасы өз нәтижелерін жариялады. Жобаны Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) «ITeachMe» қоғамдық қорымен серіктестікте Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен жүзеге асырады.

Жоба аясында 100 мыңнан астам қазақстандық азаматтық технология құралдары мен қолжетімді ресурстар туралы хабардарлығын арттырды. Әйелдер мен жастар азаматтық технология құралдарын пайдалана отырып, қоғамдық мәселелерді шешу дағдыларын жетілдірді.

«Бүгінде цифрлық трансформация адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік қызметтерді жасына, жынысына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді етті. Әйелдер мен жастардің өзгерістердегі  рөлі күшейіп жатқандықтан, біз олардың цифрлық дағдыларын дамытуымыз керек. Бұл жоба арқылы біз Қазақстанның демократияны нығайту үшін естуші мемлекет құруға деген ұмтылысын қолдаймыз», – деді Еуропалық Одықтың Қазақстандағы Өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелерін мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, азаматтық белсенділер мен журналистер талқылады. Олар цифрлық құралдарды белсенді қолдануда айтарлықтай ілгерілеушілік бар екенін атап өтті, себебі азаматтық технологияларды пайдалану мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жақсартады. Бұл технологиялар сонымен қатар пайдаланушыларды демократиялық процестерге тартуға және үкіметтің қоғам алдындағы жұмысын ашығырақ етіп, есеп берушілігін күшейтеді. Қазақстанда ең көп қолданылатын азаматтық технологиялар – eGov, eOtinish.

«Цифрландыру – бұл адамдардың игілігі үшін жаңа нәрселерді енгізу процесі ғана емес. Бұл процесс азаматтар мен билік арасында көпір орнатып, олардың өзара іс-қимылын тиімдірек етеді. Біздің жоба қазақстандықтарға шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуға, саясатқа ықпал ету және цифрлық технологиялар арқылы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге көмектеседі», - деді ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков.

Жоба аясында қазақ және орыс тілдерінде жинақ дайындалды, оған қоғамдық мәселелерді шешу және өз қауымдастықтарындағы өмірді жақсарту үшін азаматтық технологияларды пайдаланған азаматтық белсенділер мен коммерциялық емес ұйымдарының 11 жетістік жолы кірді.

Қосымша ақпарат алу үшін ОАЕҚ директоры Ринад Темірбековке, тел.: + 7(727) 250-18-10, rinad@ef-ca.org  немесе Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігіне  delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu  хабарласыңыз.

 

Поделиться страницей: