Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

10 ақпан 2022 ж.

Еуропалық Одақ әйелдер мен жастардың шешім қабылдаудағы белсенді рөлін қолдайды

АЛМАТЫ – Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстанда барлық деңгейлерде жауапты, инклюзивті және ұжымдық шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге арналған жаңа жобаны іске қосуда. Жобаны Еуропалық Одақ (ЕО) «Азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті өкімет» тақырыптық бағдарламасы аясында қаржыландырады.  

ОАЕҚ «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасын «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» Қоғамдық Қорымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын болады. Жоба Қазақстанның негізгі аймақтарында әйелдер мен жастардың азаматтық шешім қабылдауға қатысуын және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі. Іске асыру мерзімі: 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қаңтарына дейін. Жобаның жалпы бюджеті: 277 738 еуро, оның ішінде ЕО-тың үлесі 249 964 еуроны құрайды.

«Біздің жоба қазір бұрынғыдан да өзекті, өйткені ол әйелдер мен жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру жолында шешімдер қабылдау үдерісіне барынша кеңінен тартудың жаңа мүмкіндіктерін анықтап, алға жылжытады. Жаңа қоғамды құруға қарапайым азаматтардың қатысуы мен тиімділігін арттыру үшін біз озық тәжірибелер мен ұсыныстарды, құралдар мен шешімдерді әзірлейтін боламыз», деп Ринад Темірбеков, ОАЕҚ директоры атап өтті.

Жоба мақсатты азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартады және азаматтық қоғам ұйымдары мен бастамашыл топтар арасында азаматтық технология құралдарын пайдалану деңгейін арттырады.

«Қаңтар оқиғалары маңызды әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу үшін халық пен билік арасындағы байланыстың оңайлатылған түрі жоқ екенін көрсетті. Сондықтан елімізде азаматтық технологияларды дамытуда белсенді болғымыз келеді. Азаматтық технология – бұл технологияны өмірмен біріктіру, халқымыздың мүддесі үшін әрекет ететін ашық және демократиялық үкімет құрудағы прогрессивті болашаққа жол!», деп ITeachMe директоры Захира Бегалиева атап көрсетті.

 

Қосымша ақпарат үшін Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қорының жоба менеджері,  тел.+ (727) 2501810, akmaralk@ef-ca.org немесе Эльнура Абаканова, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Коммуникациялар бойынша басқарушысына, тел. + (7172) 974567,  Elnura.ABAKANOVA@eeas.europa.eu хабарласыңыз.

Поделиться страницей: