Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

23 маусым 2023 ж.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халықтың

Қатысушылар қолөнер немесе көкөніс өсіруді үйреніп, жеке микробизнесін дамытуға
16 мамыр 2023 ж.

Орал қаласында Orle Fest қалалық фестивалі өтеді

Келген қонақтарды жергілікті қолөнершілердің дизайнерлік бұйымдар мен
15 мамыр 2023 ж.

Ақмола облысында иппотерапия сабақтары мен ат турлары

«Keremet jol» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында иппотерапия сеанстарын өткізіп

11 шілде 2017 ж.

Еуроодақтың жобасы Оңтүстік Қазақстанда осал топтардың құқықтарын қорғауға ықпал етті

2017 жылдың 27 сәуір күні Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен 2015 ж. наурыз айы мен 2017 ж. сәуір айы аралығында жүзеге асырылған «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы бойынша қорытынды конференция мен баспасөз конференциясын өткізді. Грант сомасы 294 975 евроны құрады.

Конференцияға ЕО, ОАЕҚ, ҮЕҰ өкілдері, жоба серіктестері және мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Коференцияға қатысушылар ҮЕҰ жүзеге асырған мини-жобалар нәтижелері мен тәлімгерлік жобасының қорытындыларын алға тарта отырып, жергілікті және аймақтық деңгейдегі әділеттілік пен адам құқықтарына қатысты сұрақтарды бірлесіп шешудегі серіктестікті нығайту жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.

Жоба мақсаты адам құқықтарын тануға жәрдемдесу және осал топтар үшін қызметтерге қол жеткізуді жақсарту үшін Оңтүстік Қазақстанның құқық қорғау ұйымдарының желісін нығайту болатын. Жоба Оңтүстік Қазақстанның төрт аймағын қамтыды: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары.

Жоба «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» ҚБ, «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ, «Сана-сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығымен серіктестікте жүзеге асырылды.

Жоба аясында Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ-дары адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер мен ҮЕҰ желісі мүшелерінің қауымдастығын насихаттауға бағытталған семинарлар өткізілді. 17 үкіметтік емес ұйымдар жергілікті қауымдастықтарындағы іске асырған мини-жобалар аясында 2 500-ден астам осал топ өкілдері заңгерлік көмекке ие болып, өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қатысушы ҮЕҰ-дар осал топқа жататын азаматтардың құқықтарын жергілікті және республикалық деңгейде қорғау ісінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Бұдан басқа, жоба нәтижесінде осал топтарға жергілікті қауымдастықта тиімді көмек көрсету үшін ҮЕҰ желісі мүшелерінің әлеуеті біршама өсіп, ҮЕҰ адам құқығын жүргізуде мемлекеттік қолдау деңгейі артты.

«Жоба тиімділігі жөнінде айтсақ, бұл жоба негізінде ауылдық ҮЕҰ-ды қамтыды және әлеуметтік қайтарымсыз шешімдерге ықпалын тигізуге көмек беретін эдвокаси-кампанияларды өткізуге бағытталған болатын. Көп ұйымдар жаңа даму деңгейіне көтеріліп, өз әлеуеттерін өсіруге мүмкіндік алды. Қатысушы ҮЕҰ көпшілікке танылды, ең бастысы, қазірде мемлекеттік структуралар оларды өздерінің толққанды әріптестері ретінде мойындайды», - деп атап өтті Ляззат Қалтаева, жоба тәлімгері, Алматы қ. Мәслихатының депутаты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің кеңесшісі, «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ-нің төрайымы.

Поделиться страницей: