Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
6 маусым 2016 ж.
Есірткі қолданатындарды демеп емдеу туралы қоғамдық тындалым
Алматы, Қазақстан - 2016 жылдың 7 маусымында «Аман-саулық» ҚҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықпен, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен, «Қазақстандық АИТВ-індеті бар адамдар ұйымы» заңды тұлға бірлестігімен серіктесе отырып, USAID «Тиімді басқаруды қолдау бастамасымеңгеруді қолдау ынтасы» бағдарламасы аясында (USAID), АИТВ және ЖИТС індетін алдын алу мақсатында нашақорларды демеп емдеу және инъекциялық есірткі қолданатын, есірткіге тәуелді адамдар деңгейін төмендету туралы Алматы қ-да қоғамдық тындалым өткізіледі.
Қазіргі таңда есірткіні қолдану және АИТВ-індетінің таралуы Қазақстан Республикасындағы денсаулықты қорғау қоғамы үшін ауыр мәселе. Біздің мемлекетте АИТВ-індетінің таралуы инъекционды есірткі қолданатын адамдар және олардың жыныстық серіктестері, секс жұмысшылар, ер адам ер адаммен жыныстық қатынасқа түсетін, әлсіз топтар арасында басымырақ, Бағалау деректері бойынша, инъекционды есірткі қолданатын адамдар 127 000 болып табылады, ал ресми деректер бойынша 18 906 адам, бұл 6 есе аз. Қазақстанда есірткіге тәуелділікті, дүние жүзіндегідей, әр түрлі амал-тәсілдер қолданылады, оның ішінде метадонды қолдану арқылы апиынды алмастыру терапиясы. Апиынды алмастыру терапиясы дүние жүзінде 1960 жылдан бастап қолданылады. Бұл әдіс жақсы зерттелген және оның нәтижелілігі көптеген зерттеулермен бұрыннан дәлелденген. Апиынды алмастыру терапиясы:
- инъекционды есірткі қолданатын адамдар арасында заңсыз есірткіні қолдану, қылмыстың және криминалды белсенділіктің деңгейін азайтады;
- мөлшерден тыс қолдану қатерін азайтады, демек өлім деңгейінде азайтады;
- демеп емдеу терапиясын қолданатындардың тұрмыс сапасын және денсаулығын жақсартады;
- ұзақ емделуді қажет ететін ауруларды (АИТВ, туберкулез, гепатиттер) емдеуде айнымастықты жақсартады.
Бұдан басқа есірткіқұмарлықты дәстүрлі стацинарлық емдеуге қарағанда апиынды алмастыру терапиясының экономикалық тиімділігіде дәлелденген.
2008 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет апиынды алмастыру терапиясының пилоттық бағдарламасы бірқатар аймағында жүргізілді. Қазіргі таңда ол метадонды беру сайты бар 10 қалада жұмыс істейді. Бағдарламамен бары 295 есірткіқұмарлар қамтылған.
«Ол адамның бәрі ұзақ уақыт бойы есірткіқұмарлықтан азап шегуде, көбісі бірнеше рет бас бостандығынан айырылған, кебіреуінде АИТВ індеті бар. Олар тәуелділіктен айырылуға көп талпынды, бірақ қолдарынан келмеді. Соңғы және жалғыз үміті метадон болды, Бағдарлама арқасында, бұл қасіреттен шектетіліп қалған адамдар, тіпті туыстары теріс айналған, қайта қоғамға қосылды, ұрлауды қойды, жұмыс жасай бастады, жаұясын және өмір мәнін таба алды»,- дейді Нурали Аманжолов, «Қазақстандық АИТВ-індеті бар адамдар ұйымы» заңды тұлға бірлестігінің Президенті.
Апиынды алмастыру терапиясы туралы қоғамда аса жағымсыз ұғым қалыптасты және соның ішінде метадонда. Осы уақытқа дейін Апиынды алмастыру терапиясы бойынша тәжірибе республиканың ең үлкен, есірткі жағдайы қиын Алматыда қаласында жоқ, ал АИТВ-індетінің таралуы қарқыны ең үлкен. Қоғамдық тындалымның мақсаты пилоттық бағдарламаның нәтижелері туралы ақпаратты тарату және оның алдағы келешекте ҚР дамуы туралы. Қоғамдық тындалымдар бірнеше қалада өткізілді.
Алматы қ-ғы қоғамдық тындалымда сарапшы және медицина қоғам өкілдері қатысады, республикалық және қалалық ЖИТС орталықтарының жетекшілері, Алматы қ-ның денсаулық сақтау басқармасы, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы, халықаралық және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері, Алматы қ-ық ЖИТС орталығының аутрич-жұмысшылары және Апиынды алмастыру терапиясының клиенттері қатысады.
Қоғамдық тындалым 2016 жылы 07-ші маусым (сейсенбі) күні, сағат 09:30, «Қазақстан» қонақүйінің «Алтын Эмель» конференц-залында өтеді, Алматы қ-сы, Достық даң-лы, 52/2.
Тіркелім 09:00 басталады. Осы шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Ақпарат алу үшін тел.: +7 (727) 292‑04‑85, +7 (727) 220‑71‑87 amansaulyk@mail.ru («Аман-саулык» ҚҚ, Алматы қ-сы, Байтұрсынов к-сі, Ғабдуллин к-сі, 145/26, 1 қабат, каб. 110, 112).