Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

1 қазан 2024 ж.

Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) каталитикалық қаржыландыру ретінде $500 000 алып,
2 қыркүйек 2024 ж.

«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

Орталық Азия Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте 2022 жылдан бері

29 желтоқсан 2015 ж.

Еңбектің жемісі

Азатов Азамат пен Арафат Мамырбеков, университет оқытушылары болып жұмыс істеп жүрген кезде Семей қаласында «Қазақстандық жастарды қолдау» ҚБ үкіметтік емес ұйымын тіркеді. Бірақ жұмыс ілгерлемеді: олар оны қалай дамыту керек екендігін білмеді.

Қазақстандағы «Шеврон» компаниясымен қаржыланатын «ҮЕҰ саласындағы сарапшылардың әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы басталысымен, олар жобаның белсінді қатысушылары қатарынан табылды. Азамат пен Арафат барлық шараларға қатысады –тренингтер, конференциялар, вебинарлар, кездесулер.

Олардың айтуынша, жобаға қатысуы оларға кәсіби өсім берді. Белсенділер ҮЕҰ ұйымдастырушылық және институционалдық даму саласында өз білімдерін арттырды, енді өздері өз аймағында тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы өз білімдерімен бөлісуде.

 «ОАЕҚ тренингтерінде алған білімдер арқасында біз жергілікті ҮЕҰ үшін гранттық ұсыныстар жазу, стратегиялық жоспарлау мен фандрейзинг бойынша кәсіби семинарла ұйымдастыруға мүмкіндік болды», - деп Арафат Мамырбеков атап өтуде.

Олар өз қорларының атауын өзгертті, қызметтің тәсілдері мен бағыттына өзгеріс енгізді. Олардың білім беру орталығы «Эрудит» жастардың ҮЕҰ үшін атақты алаңға айналды. Азамат пен Арафат үкіметтік емес ұйымдар үшін үлкен мәселелінің бірі грантқа өтінім жазу үшін практикалық білімінің жоқтығын атап өтеді. Сондықтан олардың орталығы жас ҮЕҰ үшін көмек көрсетеді. Орталық базасында ұйымдастырушылық менеджмент пен ҮЕҰ институционалдық дамуы бойынша облыстық және аудандық семинарлар мен тренингтер өткізеді.

 «Біздің ойымызша, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлері мынаны түсіну керек: егер сен білімді, тәртіпке қатал, табанды, ең ұтымды шешімдер қабылдай алатын, батыл әрі жауапты болсаң, онда жобаларды жүзеге асыруда сен табысқа жетесің, ұзақмерзімдік жобаларды жүзеге асыру үшін донорлар таба аласың», - дейді Азамат Азатов.

Поделиться страницей: