Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
24 мамыр 2017 ж.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі «Қолжетімді Павлодар» сайтының бағдарына оң бағасын берді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын кешенді жүзеге асыру туралы» республикалық семинар-жиналысында «TANDAU» қорының басшысы Ирина Бобкованың сөз сөйлеуі мен «Қолжетімді Павлодар» жобасын таныстыру барысында онлайн режимінде www.dospav.kz сайтының жұмысымен танысты.
Жоба халықты әлеуметтік қорғаудың аймақтық мемлекеттік органдары өкілдерінің тарапынан да, үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан да қызығушылыққа ие болды.
И. Бобкова «Қолжетімді Павлодар» сайтын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қолжетімді орта» (www.friendlybuilding.kz) картасымен салыстырды. Ұқсас функционалға қарамастан, министрліктің картасы пайдаланушылар үшін «құрғақ» түсінік қана береді. «Қолжетімді Павлодар» сайты егжей-тегжейлі мәтіндік түсініктемеге, фотосуреттер мен объектілердің видеошолуларына ие. С.Жакупова түсіндірмелермен келісті, дегенмен министрліктің картасымен негізінен мемлекеттік органдар жұмыс істейтін болғандықтан, ондағы ақпараттың объектілердің қолжетімсіздігі үшін айыппұл санкцияларын салу үрдісін іске қосуға жеткілікті екендігін атап өтті. Сондай-ақ Светлана Жакупова «Қолжетімді Павлодар» сайтының тұрғындардың азаматтық ұстанымдарын интербелсенді құралдар арқылы (өз бетінше объектілер қосу, пікір қалдыру және жаұында іске қосылатын қолжетімсіз объектілерге шағымдану) белсенді ету бағдарына оң бағасын берді.
Семинар-жиналыс барысында 650 мыңнан астам қазақстандық мүгедектердің мәселелері және оларды шешуге қажетті шаралар талқыланды.
Шараға мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық үйлестіру кеңесінің мүшелері, әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарларынан тұратын облыстық делегациялар, облыс әкімдерінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшілері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.