Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

2 маусым 2015 ж.

Құлсары шағын аудандарындағы балалар мейрамы

2005 жылдың 1 маусымында Құлсары қ. шағын аудандары тұрғындары үшін  «Достық», «Жансая» саябақтарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ашық мереке өтті. Аталмыш іс-шара «Тенгизшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен, «Өрлеу» жобасы шеңберінде, Орталық Азияның Еуразия Қорымен ұйымдастырылды. 

 Мерекені өткізу үшін Атырау қ. «Тамаша көңіл-күй әлемі» компаниясының аниматорлары шақырылды, олар балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады, сайқымазақтар, қарақшылар мен Дисней мультфильмдерінің кейіпкерлері өнер көрсетті. Әртістер бағдарламасында қазынаны іздеу, командалық ойындар, жарыстар және тағы басқа болды. Бір мезетте әр түрлі жастағы көрермендер үшін аниматорлардың үш тобы өнерлерін көрсетті.   

«Достық» саябағындағы мерекеде 180 бала, «Жансая» саябағында 140 бала, 4 және 14 жас аралығындағы, және олардың ата-аналары да қатысты. Мереке өте сәтті өтті, бұған ата-аналардың алғыс жаудырған оң пікірлері дәлел болып табылады:

Өтегенова Ажар, 5-аудан тұрғыны: «ТШО мен Еуразия Қорына осындай мереке үшін үлкен рахмет. Менің 5 балам бар, бұрын олармен қыдыратын орындар болмайтын, енді мен олармен жаңа саябаққа бара аламын. Үлкен балаларым тренажерларда дайындалып, футбол ойнайды, ал кішкентайлары балалар алаңқайында. Ал бүгін бізге әртістер, сайқымазақтар мен қарақшыларды алып келді. Бізге өте көңілді болды, менің кішкентай қызым байқауда жеңіске жетті, мен өте қуаныштымын. Рахмет! ».

Саябаққат «Игілік» бағдарламасы бойынша Тенгізшевроил компаниясымен салынып, қала тұрғындарына берілді. ОАЕҚ «Өрлеу» әлеуметтік жобасы шағын аудандар тұрғындарының саябақтар өміріне араласуын өсіруге бағытталған. Сәуір мен мамыр айларында тұрғындар саябақты тазалау мен ағаштарға күтім жасау бойынша акция өткізді. Балалар жасыл көшеттерді сақтау мен экологияның жақсартылуы тақырыбында бірнеше флешмобтар ұйымдастырды. 

Поделиться страницей: