Мы в соц сетях

Фонд евразия центральной азии
в казахстане

Жаңалықтар

другие Жаңалықтар

11 наурыз 2024 ж.

"Байтақ жер" жобасы аясында ақмолалық кәсіпкерлер өз

Бизнестегі орын алған өзгерістер, оқу және қарызды пайдалану туралы өз
28 қараша 2023 ж.

Ақмола облысындағы агротуризм: дамудың жаңа

Агротуризм – табиғат, ауылдық жер мен ауыл шаруашылығын тоғыстырған туризмнің
21 қараша 2023 ж.

Өз ісін дамыту үшін Ақмола облысының кәсіпкерлеріне

Аталған жобаның басты мақсаты - эко-, этно-, агротуризм салаларындағы

17 қараша 2017 ж.

«Бірге өсеміз» атты әлеуметтік жобаның нәтижелері көрсетілді

Алматы қ. 2017 жылдың 26-27 қазан аралығында өткен «Болашақ білімі» атты форумның аясында «Қазақстандағы мектепке дейінгі білімнің дамуы» атты дөңгелек үстелде Орталық Азияның Еуразия Қоры «Бірге өсеміз» атты әлеуметтік жобасының нәтижелерін көрсетті.

ОАЕҚ менеджері Ажар Нұрбай Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан жоба тұралы мағлұмат берді. 2013 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бірге өсеміз!»  әлеуметтік бастамасының бас мақсаты Құрық а. мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.  Жобаның бас міндеттері: балалардың даму, әлеуметтену және білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; ата-аналардың білім беру саласына араласуы арқылы ата-аналар мен балабақшалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту; жергілікті сарапшылар арқылы Маңғыстау облысында білімді тарату. Құрық ауылының 7 балабақшасының базасында 5 «Монтессори» кабинеттері және 9 «Степ бай Степ» топтарын ашылған болатын.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда ауылдық өңірлерде заманауи әдістерді  енгізуімен айналысатын ұйым бар екендігіне ризашылықтарын білдірді және Қазақстанның басқа да өңірлерінде де осы бастама жалғасын табуына ниет білдірді.

Форумның мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2017 ж. 31 қаңтарындағы ҚР Президентінің халқына жолдауына сәйкес  білім саласының даму жолдарын осы саладағы мекемелер мен сарапшылармен талқылау.  Форум қатысушылары жүздеген білім мекемелердің, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, инвесторлар, сарапшылар.

Форумды ұйымдастырған  Lincoln Conferences командасы.

 

 

Поделиться страницей: