Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола
1 ақпан 2018 ж.
Білім беру мекемелердің психологтары гуманистік психотехнологиялар зерттеуде
2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Маңғыстау облысының Құрық а. бес мектептің, екі балабақшаның, Қаракия аудандық кәсіптік колледж бен аудандық емхананың 9 психологына арналған бірінші семинар-тренинг өтті. Қатысушылар психолог жұмысына қатысты заңнамамен танысты, білім беру мекемелері психологтарының жұмыс ерекшеліктерін зерттеді және Эриксон терапиясының негіздерін оқып білді.
Оқыту психологтардың өзін-өзі маңыздану, кәсіптік бағдарлау, қиын жасөспірімдермен жұмыс және т.б. сұрақтар бойынша ұжымға, оқушыларға және ата-аналарға көмектесу жұмыстары тиімді болу мақсатында біліктіліктерін арттыру. Оқытуды Алматы қ. «Genesis Verae» психотехнология орталығы мамандары Даненова Жанар және Шурабеков Курмантай жүргізді. Курс 2018 жылдың соңына дейін жүргізілетін 10 модульден тұрады. Бағдарламаның ішіне балаларға және ересек адамадарға психологиялық көмек көрсетуге қажет гуманистік психотехнологияларды тәжірибе жүзінде зерттеу, сонымен бірге мониторинг пен консультация кіреді.
«Өңірдегі білім саласына қатысты жобаларда бес жыл бойы жұмыс істей келе, мектептдегі күрделі психологиялық ахуалды байқадық. Оқушылар мен олардың ата-аналарымен сөйлесе келе, көптеген психологиялық мәселелерді мектептер мен отбасылар туындататынын көрдік. Осыған орай білім беру мекемелерінің психологтарының біліктіліктерін арттыруға бағытталған компонент жобаға енгіздік», - дейді жоба менеджері Ажар Нұрбай.
«Genesis Verae» психотехнология орталығы мамандары Даненова Жанар және Шурабеков Курмантай жүргізді. Курс 2018 жылдың соңына дейін жүргізілетін 10 модульден тұрады. Бағдарламаның ішіне балаларға және ересек адамадарға психологиялық көмек көрсетуге қажет гуманистік психотехнологияларды тәжірибе жүзінде зерттеу, сонымен бірге мониторинг пен консультация кіреді.
2015 жылғы 22 сәуіріндегі Маңғыстау облысы әкімінің №115 бұйрығымен бекітілген Маңғыстау облысындағы орта білім беру мекемелердегі психологиялық қызмет көрсету ережелерге сәйкес, мектеп психологтарының алдында келесі міндеттер қарастырылған:
- оқушылардың жеке бас және интеллектуалдық дамуына үлес қосу, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамуына қажет қабілеттіліктер қалыптастыру; ақпараттық әлеуметтің жылдам дамуына қарай, оқушылардың сәтті әлеуметтеуіне психологиялық көмек көрсету; оқушыладың шығармашылық потенциалдарын дамыту;
- оқушылардың психологиялық қиыншылықтарын шешу жолында психокоррекциялық жұмыс жүргізу; оқушылардың психологиялық денсаулықтарын қорғау;
- психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу мен оқу-тәрбие жұмысында оңтайлы әдістерді таңдау жолында ата-аналараға және педагогтарға консультациялық көмек көрсету.
Өкінішке орай қажет білім мен инструментарийлардың шектеулігіне қарай, психологтардың барлық көрсетілген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіншіліктері жоқ.
«Семинар жоғары деңгейде өтті. Теория тәжірибемен бекітілді. Біз көптеген жаңа білім алдық, соның ішінде эриксон технологиялары, психотерапиялық көмек көрсету дағдылары, балалар мен ата-аналар арасындағы жұмыс түрлері. Осы алған білімімізді алдағы жұмыста қолдануға дайынбыз», - дейді Раушан Абишева, №6 мектебінің психологы.
«Тренинг өте пайдалы болды. Тренерлер барлық тақырыптарды толық ашып білді. Эриксон терапияс біздің жұмысымызға өте қажет. Біз тренерлерге және ұйымдастушыларға білімімізді арттыруға және ауылдың адамдарына көмек көрсетуге керек дағдыларға үйреткендеріне алғысымызды білдіреміз», - дейді Гульзина Мамаева, Қаракия аудандық емхана.
«Осы 5 күн ішінде мен көптеген теориялық және тәжірибелік білім алдым. Ары қарай оқып, біліктілігімді арттыруға талпынамын. Көмекке мұқтаж адамдарға психологиялық көмек көрсетуді, психотравмалардан арылуға, өмірлік қийыншылықтарды шешуге бағыт беруді және өмірге деген көзқарастарын өзгертуді қалаймн», - дейді Молдир Дуйсенова, Қаракия аудандық кәсіптік колледж.
Курс аяқталған уақытта психологтар тек біліктіліктерін арттыра қоймай, әр түрлі мәселелер бойынша мұғалімдер мен оқушылармен жұмыс істей келе, мектептердегі психологиялық ортаны қалпына келтіреді. Сонымен қатар Құрық а. психолог қауымдастығын құру және білім беру мекемелерден бөлек ауыл тұрғындарына жеке психологиялық көмек көрсету кабинет ашу жоспарлануда.
Оқыту ERSAI Caspian Contractors LLC компаниясының қолдауымен кәсіптік бағдарлау мен әлеуметтік-психологиялық ортаны жақсартуға бағытталған «Бірге жұмылып, білімге талпынайық!» әлеуметтік жобаның екінші фазасының аясында өтті.