Подпишитесь на наши новости:
Жаңалықтар
другие Жаңалықтар
Citi қоры Орталық Азияның Еуразия Қорын
«Байтақ жер» жобасы ІІ кезеңінің жетістіктері: Ақмола

12 желтоқсан 2017 ж.
Бизнес-стартаптарының ақтық конкурсы
8 желтоқсан 2017 жылы Құрық ауылында (Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы) ERSAI компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы бойынша грант тағайындау үшін комиссияның қорытынды отырысы өткізіледі.
Жобаның мақсаты – Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту болып табылады. Осыған байланысты жоба шеңберінде қаржылық сауаттылықты және жастардың арасындағы кәсіпкерлік қызметке ынталандыруды арттыру, бизнес жоспарлау негіздеріне және жұрт алдында сөз сөйлеуге арналған тренингтер өткізілген. Бұл тренингтердің басты міндеттерінің бірі – бизнес-стартаптарының ақтық конкурсына қатысушыларды дайындау.
20 қараша 2017 жылы тіркелген қатысушылардың бизнес жоспарлары мен видео өтініштерін қабылдау аяқталған болатын. Барлығы 31 бизнес жоспар қабылданды. ERSAI компаниясы, аудандық әкімдігі, ҰКП және ОАЕҚ өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері алдын-ала қатысушылардың бизнес жоспарлары мен видео өтініштерін қарастырып жатыр.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша, өтініш, ОАЕҚ проекттер бойынша ассистенті Әдемі Сақбековаға хабарласыңыз, тел: +7 (727) 250 18 10, моб.: +7 701 841 63 93, немесе электронды почта арқылы: ademi@ef-ca.org